Ауа райы • 08 Қараша, 2023
9 қараша күні еліміздің басым бөлігінде қар аралас жаңбыр жауып, тұман түседі
9 қарашада еліміздің 12 облысында қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 08 Қараша, 2023
Кәсіптің қиындығын білгің келсе...
Арқалап барған фотоаппарат, қойын дәптердің керегі де болмады. Өрт сөндіру бөлімінің ауласына кіре сала сапқа тұрдық. Бұйыра сөйлеген командир арнайы киім киіп, жаттығу жолағынан қалай жүріп өту керек екенін түсіндірді. Одан соң үйіндінің астында қалған адамды алып шығып, алғашқы медициналық көмек көрсету керектігін айтты. Ал өрт сөндірушілер журналистердің рөліне енген. Бүгінгі баспасөз турының шарты – солай.
Тәрбие • 08 Қараша, 2023
Бала жанын түсінген адам ғана жүрегін баурай алады. Жай бала емес, тілінде мүкісі болса ше? Ес біле келе өзгеден қысылуы, құрбыларынан ұялуы әбден мүмкін. Олай болса мүлде тұмшаланып, басылып қалмақ. Біздің кейіпкеріміз Марина Дюбкина – осындай кемшіліктің тігісін жатқызып, жас көкірекке үміт отын жағып жүрген жан.
Еңбек • 08 Қараша, 2023
Зейнетке шықса да бұл маманның көмек-кеңесіне, білім-тәжірибесіне өңір мұқтаж. Сол себепті де аудан басшылығы арнайы шақырып, жұмысын жалғастыруын сұраған. Ізін басып келе жатқан шәкірттері мен жас мамандар саланы жетік меңгергенше кеңес беріп, бас-көз болуын өтінген. Шәкірт демекші, әке жолын қуып осы мамандықты таңдаған ұлдары мен қызы да үлгілі еңбегімен елге танылып үлгерді. Әкімдіктің ұсынысын ойлана келе, зейнеткерлікке дейінгі қызметін басшы емес, қатардағы инженер болып жалғастыруға келіскен-ді. Иә, біз бір кездері елеусіздеу болып көрінгенмен, ауыл шаруашылығы саласында сұраныс бар мамандық иесі Саттар Керімбаев туралы айтып отырмыз.
Өнер • 08 Қараша, 2023
Ақшам болмай, анамның жүзігін сыйладым: Әли Оқапов әйеліне қалай сөз салғанын айтты
Белгілі әнші Әли Оқапов жары Ақерке Бүркітбайға қалай сөз салғанын айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.