Аймақтар • 08 Қараша, 2023
Шығыс Қазақстанның жартылай шөлейт даласында орналасқан Көкен қонысында қола дәуірінің қонысы астында қалған тас ғасырының бірнеше қабат шөгіндісі анықталды. Ежелгі қабаттардан табылған жерлеу орны біздің дәуірімізге дейінгі VI мыңжылдық ортасына немесе ерте неолит кезеңіне сәйкес келеді. Назарбаев университеті қаржыландырған TEECA археологиялық зерттеу тобы Абай облысындағы Көкен қонысы еліміздегі ең көне жерлеу қорымы болуы мүмкін деген болжам жасады.
Аймақтар • 08 Қараша, 2023
Жақында Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Жарма ауданына барған сапарында Шар қаласына арнайы ат басын бұрып, жергілікті жұртшылықпен жүздесті. Өңір басшысының тұрғындармен өткізген кездесуі тоғыз жолдың торабында орналасқан кенттің болашағы жақсарып, дамуына серпін беретінін аңғартты. Нұрлан Тельманұлы бірқатар нысанды аралап, тыныс-тіршілігімен танысты.
Ауа райы • 08 Қараша, 2023
Елдің басым бөлігінде жауын-шашын жауып, көктайғақ болады
Қазақстан синоптиктері 9 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Құқық • 08 Қараша, 2023
Тәуелсіз еліміздің құқықтық тұғырнамасының қалыптасуына, дамуына үлес қосқан азаматтар аз емес. Олардың біразы ортамызда жүр. Олар елімізді құқықтық мемлекет ретінде қалыптастыру мақсатында аянбай еңбек етті. Әсіресе сот, құқық қорғау және заң салаларында түпкілікті реформалардың қалыптасуына себепкер болды. Солардың бірі – Оңалсын Жұмабеков.
Жоба • 08 Қараша, 2023
Бүгінде ел жастарына мемлекет тарапынан түрлі қолдау көрсетіліп отыр. Соның ішінде кәсіптік білімі жоқ жастар мен жоғары оқу орнын тәмамдаған түлектердің мамандық бойынша жұмыс істеп, баспана алуына да көңіл бөлініп келеді. Ендігі жерде жастардың 5,2 мыңнан астам жобасына да жеңілдетілген микрокредит берілетіні туралы сүйінші хабар көпшіліктің көңілінен шықты.