Қоғам • 08 Қараша, 2023
«Amanat» партиясының «Жастар рухы» жастар қанаты еліміздің тарихи, мәдени және табиғи мұрасын вандализмнен қорғау жөніндегі ауқымды республикалық акцияны жалғастырып келеді. Осы тақырып төңірегінде өткен дөңгелек үстелге белсенділер, сарапшылар, Мәжіліс депутаттары, қоғам қайраткерлері мен студенттер қатысты.
Қоғам • 08 Қараша, 2023
«Stopfake.kz» порталы кейінгі үш жылда отандық кеңістіктен 3 мыңнан астам ақпараттың жалған екенін анықтаған. Биылдың өзінде 760 басылымның дерегі тексерілген. Талдау барысында фейк жаңалықтың көбіне вакцинация, коронавирустық пандемия, қастандық жасау, 5G байланыс форматы және интернет-технологиялар тақырыбында тарайтыны белгілі болып отыр.
Жоба • 08 Қараша, 2023
«Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы
Қазақстан Үкіметі «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасын бекітті. Премьер-министр Әлихан Смайылов тиісті қаулыға қол қойды.
Экология • 08 Қараша, 2023
Атырау облысында жыл сайын қоршаған ортаны ластаушылар кәсіпорындарға бірнеше миллион, тіпті миллиард теңгенің айыппұлы салынып келеді. Алайда тұмса табиғаттың тазалығынан гөрі табыс табуды ғана күйттегендер қомақты айыппұлға да айылын жияр емес. Олардың тарапынан табиғатқа қарсы тағылық әрекеттің қайталануы жұртшылықтың наразылығын тудырып отыр.
Саясат • 08 Қараша, 2023
Кеше Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Үкімет отырысы өтті. Онда елімізде егін жинау науқаны аясында республиканың нан мен ұнға деген қажеттілігін толық қамтамасыз ету үшін жеткілікті астық жиналғаны мәлім етілді. Отырыста министрлер кабинетінің заң жобалау жұмыстары жоспарының 2024 жылға арналған жобасы да пысықталды.