Тағзым • 07 Қараша, 2023
Биікке өлшем беру үшін билердің сөзіне жүгінетін қазақтың бабаға деген құрметі баланың әкеге деген махаббатындай. Ақ сауытын асынып, бабалар аруағына сүйеніп, ата жауын тықсырған даналарымыздың рухы өр, ойы дария. Ғасыр аунаса да бозжусан бейнесінің бояуы жұқармай, атар таңның қызылсаң сәулесіндей қайта бой көтеріп, болашақтың жүзіне нұрын шашып тұратыны содан-ау, сірә. Ендеше, Жетісу жұртының елі сүйген Ескелді бидің 330 жылдық мерейтойын тойлауының себебі арыда жатқанын осыдан-ақ аңғара беріңіз.
Руханият • 07 Қараша, 2023
Үнді қайраткері Қазақстан туралы не жазды?
Кейде айна-тарихтың бетін сүрткен сайын оның ар жағынан өткен дәуірдегі алуан түрлі оқиға, тарихи шындықтар, тіпті заманның ағысына төтеп беріп, өз еңбегімен ел жадында қалған тұлғалар туралы деректер кездеседі. Сол үшін де кешегі күннің оқымыстысының бірі Хенри Гласси: «Тарих – өткен күн ғана емес, ол қазіргі жиһанкезге пайдасы зор белгілі бір көзқарасқа ие карта» деп бекерге айтпаса керек. Қалай десек те, қазақ тарихы қазған сайын қазынасы қопарылып шыға беретін сарқылмас байлыққа ұқсайды. Әрине, тамыры терең, салты мен дәстүрі бекем елдің өткен уақыттың еншісінде өз үлесі болары даусыз. Отарлық саясат қанша жерден бұғалық салса да, тарихты ешкім тұншықтыра алмайтынына көз жетті. «Тарих сұрақ қоя білген адамға ғана жауап береді». Бұл парасатты сөзді осыдан бір ғасыр бұрын дүниеге келген Хаджо Холборн айтыпты. Оның бұл пайымы өз тарихыңды іздеуден жалықпа дегенді айтып тұрғандай. Әрине, іздейміз де. Өткен дәуірге, қызыл көз қоғам мен солақай саясатқа біздің көбірек есеміз кетті.
Ауа райы • 07 Қараша, 2023
Тұман, жаңбыр, көктайғақ: 14 аймақта ауа райына байланысты ескерту жарияланды
«Қазгидромет» РМК 8 қараша күні Астана мен еліміздің 13 облысында ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 07 Қараша, 2023
Батыс Қазақстан облысының Теректі ауданы 90 жылдығын атап өтті. Жеке аудан болып шаңырақ көтерген мерейтойын жергілікті халық еңбек адамдарын марапаттап, ат шаптырып, балуан күресін өткізді.
Мәдениет • 07 Қараша, 2023
Ауыл мәдениетіндегі оң өзгеріс
Кейінгі жылдардағы жағымды үрдіс – ауыл мәдениетінің ахуалы жақсарып келеді. Өткен жылы Ақмола өңірінде төрт мемлекеттік клуб ашылып, «Ауыл – ел бесігі» жобасының аясында елдегі мәдениет ошақтарының инфрақұрылымын жаңғыртуға мүмкіндік туды.