Сараптама • 06 Қараша, 2023
БЖЗҚ: Қаржыға әркімнің-ақ бар таласы...
Күні бүгінге дейін «БЖЗҚ қаржысы экономиканы нашарлатып, банктерді әлсіретеді» деген пікір басым болып келді. Дегенмен соңғы жағдайларға назар салсақ, кейінгі онжылдықтардағы ол үстемдігінен үміт үзе бастағандай. Бұл мәселе 2019 жылдан бері қайта-қайта Үкіметтің талқысына түсіп келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа зейнетақы жинағындағы қаржыны пайдалануға рұқсат беру керектігін жиі айтады.
Пікір • 06 Қараша, 2023
Қоғам ауысқан сайын құндылықтар да өзгеретіні мәлім. Әр замандағы жаңалықтар мен игіліктер де адамға әртүрлі әсер етеді. Қазіргі уақытта өмір сүру жеңіл дейміз. Жаһанданған әлем. Бейбітшілік заман. Смартфонды қоғам. Қолжетімді ақпарат. Көптеген мүмкіндік. Айға ұшамын десеңіз де – қалауыңыз. Бұрынғыдай хат танымайтын қараңғы қазақ жоқтың қасы. Сөйте тұра бүгінде, салыстырмалы түрде алсақ, газет-журнал, кітап оқитын адам аз. Театрға баратын көрермен көп емес. Заманның қиын кезінде әр үйге газет келетін, жастар кітап оқып жарысатын деседі. Қыз бен жігіт қол ұстасып, театрға асығатын деп жатады. Ал бүгінгідей тәуелсіз әрі бәрі қолжетімді уақытта рухани құлдырау белең алғаны – үлкен парадокс.
Мектеп • 06 Қараша, 2023
Ауыл мектебінің әлеуетін арттыру
Еліміздің әр өңірінен, әсіресе ауылдардан, алыс-жақын шетелдерден келген білім саласының қызметкерлері Астанаға ат басын бұрды. Мұның себебі «Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы ұйымдастырған «Ауыл мектебінің өркендеуі – қоғам игілігінің кепілі» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциядан өздеріне керегін алып, тың тәжірибесін бөлісу еді.
Алматы • 06 Қараша, 2023
Алматы: Бас жоспардан «ши шықты»
Сәулетші мамандар арасында Алматының жаңа бас жоспарына қатысты пікірталас жүріп жатыр. Шаһардың қазіргі бас жоспарының бекітілгеніне 13 жыл болыпты. Құрылыс ережелеріне сәйкес бас жоспар бес жыл сайын түзетілуі керек. Бұған дейін 2004 жылы қалаға екі мың гектар аумақтың қосылуына байланысты түзету енгізіліпті. Қазіргі бас жоспар 2020 жылға дейін күшінде болуы керек еді. Ол кезде Алматы халқының саны бір жарым миллион тұрғынға жетуі керек болатын. Бірақ алматылықтардың нақты саны есептегі болжамға бағынбай, бас жоспарға түзету енгізу қажет болды.
Заң • 06 Қараша, 2023
Жақында өзгертулер мен толықтырулар енгізілген «Қоғамдық бақылау туралы» заңның негізгі новеллалары түсіндірілді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Мәдениет және ақпарат вице-министрі Данияр Қадыров жан-жақты баяндап берді. Оның айтуынша, қоғамдық бақылау мәселелері бойынша он заңға өзгерістер енгізілген.