Сұхбат • 05 Қараша, 2023
Гүлжамал Қазақбаева: Күлкімді де, көз жасымды да сахнаға сақтаймын
Алматыдағы Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрына жол түскен сайын әңгімелесіп қалуға, сырлы сұхбаттарын санаға сіңіріп қалуға тырысатын жақсы адамдар бар. Сондай жанның бірі – Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Парасат» орденінің иегері Гүлжамал Қазақбаева. Сахнада сан түрлі бейне тудырып, халқының ықыласына бөленіп жүрген өнер иесі өмірде, керісінше, томаға-тұйық тірлікті сүйеді, жарқ-жұрқ жарнамадан жанын алшақ ұстайды. Мұның сырын актрисаның өзі «Жанымды кірлетіп алудан қорқамын», деп түсіндіреді. Жарты ғасырдан астам ғұмырын киелі сахнаға қызмет етуге арнаған сахнагер өнердегі өнегелі өмір өрнектерінен сыр шертті. Тағдырдың сыйы мен тауқыметін теңдей көтерген қайсар жанның жансарайы да дәл өзіндей шынайы, өнеріндей көркем.
Сайлау • 05 Қараша, 2023
Атырау облысының Исатай және Қызылқоға ауданында әкім сайлауы өтті. Облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Азамат Айманакумовтың мәліметінше, Исатай ауданында – 15 883, ал Қызылқоға ауданында 18 614 сайлаушы тіркелген.
Спорт • 05 Қараша, 2023
Азия чемпионатында Қазақстан боксшылары 9 алтын алды
Бокстан алғаш рет 23 қазан-3 қараша күндері аралығында Астана қаласында жасөспірімдер және жастар арасында өткен Азия чемпионаты мәресіне жетті. Қазақстан боксшылары 9 алтын, 3 күміс, 8 қола жүлде алды, деп хабарлайды Egemen.kz boxingkazakhstan инстаграм арнасына сілтеме жасап.
Сайлау • 05 Қараша, 2023
Еліміздегі 45 аудан және облыс деңгейіндегі қала әкімдерін тікелей сайлаудың қанатқақты режіміне Солтүстік Қазақстан облысынан Есіл, Мамлют және Тимирязев аудандары енгізілген. Жексенбі күні таңертеңнен осы аудандарда дауыс беру басталды.
Пікір • 05 Қараша, 2023
Кадрлық ауыс-түйіс, қаржылық, саяси себептерге байланысты Үкіметте түрлі өзгерістер жүріп жатады. Жаңа министрліктер құрылады, қосылады, тіпті жабылып қалғандары да бар. Мәселен, кеңес өкіметінің тұсында Құрылыс материалдары министрлігі болған. Осынау министрлік қазіргі ТМД кеңістігінің шартарабында жүріп жатқан ауқымы орасан құрылыс нысандарына материалдардың өндірілуін, жеткізілуін, әсіресе сапасын қатаң қадағалап, ісін жүргізіп отырған. Бертінде осы министрлікті қайта құру туралы мәселе қаузаған материалдар да жазыппыз. Әлбетте, бұл – басы бөлек әңгіме.