Елорда • 03 Қараша, 2023
Елордада Шандор Петөфиге көше атауы берілді
Ақын Шандор Петөфидің есімімен аталған көшенің салтанатты ашылу рәсімі Венгрия премьер-министрі Виктор Орбанның Қазақстанға ресми сапары аясында өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Сенат • 03 Қараша, 2023
Өзекті мәселелерді қамтыған сауалдар
Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен өткен Палата отырысы Қарағанды облысындағы төтенше оқиға салдарынан қаза тапқан кеншілерді бір минут үнсіздікпен еске алумен басталды. Отырыс барысында сенаторлар Қазақстан мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы арасындағы келісімді ратификациялады, депутаттық сауалдарын жолдады.
Саясат • 03 Қараша, 2023
Парламенттік дипломатия келешегі
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Қазақстанға ресми сапармен келген Мажарстан Премьер-министрі Виктор Орбанмен кездесті.
Инфографика • 03 Қараша, 2023
Өткен он жыл ішінде халқымыздың саны едәуір артып, ұлттық құрамға қатысты көрсеткіштердің айтарлықтай жақсарғаны туралы ресми хабардың таралуы жұртшылықты қуанышқа бөледі. Ендігі жерде елімізде қазақ халқының мемлекет құрушы ұлт ретіндегі рөлін одан әрі бекемдей түсу қажет. Ұлттық статистика бюросы 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша тақырыптық жинақты жариялады.
Аймақтар • 03 Қараша, 2023
Жамбыл облысы: Сұраныс арта түсті
Жамбыл облысында сұйытылған газға деген сұраныс едәуір артқан. Жауапты мамандардың айтуынша, өңірде газ қондырғысымен жабдықталған көліктің саны да артқан. Мәселен, 2021 жылы сол санатқа кіретін көлік саны 13639 болса, биыл 23888-ге жеткен.