Сенат • 02 Қараша, 2023
Сенаторлар «2024 - 2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңмен танысты
Сенатта «2024 - 2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» және «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2024 - 2026 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» заңдары таныстырылды. Сенаторлар республикалық бюджет жобасын қарады және алдағы кезеңдегі бюджет шығыстарының негізгі бағыттарын талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz жоғарғы Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сұхбат • 02 Қараша, 2023
Нұрғали Ораз: Бізде таланттардың еңбегін бағалау кемшін
Нұрғали Ораз шығармаларының бір қыры, ұлтымыздың назқоңыр жанын, адамдық әсем табиғатын қалтқысыз суреттеуінде. Іңкәрлік, сезімшілдік, тазалық самалы есетін туындылар жан түбінен киелі шақтағы алтын сәулені оятады. Қақ-соқпен ісі жоқ, жалғыздық құзарында жүрек нұрын жайған жазушымен әңгімелесудің сәті түскен еді.
Елорда • 02 Қараша, 2023
Өзен-көлдің байлығын арттыру мақсатында балық түрлерінің шабағын өрбіту – ұдайы ұйымдастырылып келе жатқан игі іс-шара. Осы бағыттағы жұмыстың бірі – елордадағы Есіл өзеніне жіберілген 100 мың ақ амур шабағы.
Аймақтар • 02 Қараша, 2023
Кезекті рейд. Бағытымыз – Батыс Алтай. Облыстық орман және аң шаруашылығы инспекциясына «Қазақстан ғарыш сапары» компаниясынан орманды алқаптарда заңсыз ағаш кесілгені туралы болжамды ақпарат келіп түсіпті. Анық-қанығына көз жеткізу үшін инспекторлар белгіленген 50 нүктені әуеден шолып қайту үшін жолға қамданған.
Спорт • 02 Қараша, 2023
Боксшы қыздарға бұйырғаны – 11 медаль
Астанада бокстан өтіп жатқан Азия чемпионатында жасөсіпірімдер санатындағы қыздар 11 медаль олжалады, деп хабарлайды Egemen.kz Бокс федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.