Спорт • 07 Қараша, 2022
Шорт-тректен АҚШ-тың Солт-Лейк-Сити қаласында өткен әлем кубогының екінші кезеңінде Қазақстан құрама командасының қоржынына бір жүлде түсті.
Спорт • 07 Қараша, 2022
Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында ұйымдастырылған спорттық гимнастикадан 51-ші әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Бір аптаға созылған бәсекеде спортшылар әдеттегідей 12 жүлде жиынтығын сарапқа салды. Өкінішке қарай, Қазақстан құрамасының өкілдері биылғы біріншілікте де жүлдесіз қалды.
Әдебиет • 07 Қараша, 2022
Кітап дегеніңіз бір адамның шетсіз-шексіз сәттері, іңірдегі мұңы, кеңістікке қарағандағы ұбақ-шұбақ ойы, қилы сезімі. Яғни адам жанының мозаикасы іспетті. Иван Буниннің бір әңгімесінде «жаттың жаны – жұмбақ» деседі. Жоқ, өз жаның одан да жұмбақ» деп келетін жолдар бар. Түбінде сансыз жұлдыздар жылтылдайтын жапандағы құдық сынды ақын жаны тіпті бөлек, тылсым.
Руханият • 07 Қараша, 2022
Қатталған қалың тарих ел мұрасы
«Қабат-қабат қаттама, ақылың болса – аттама» деген сөз басқа емес, осы архив ісіне байланысты айтылғандай. «Біздің тарих деп жүргеніміз – бір кездердегі саясаттың көлеңкесі түскен көшірмелерге келіңкірейді» депті бір ғұлама. Ал оқырманға халықтың тағдыр жолынан алынған шын тарих жетуі керек. Осы жолда мемлекет қолға алған «Архив-2025» жобасы негізінде ұлт тарихына қатысты қаншама құжат елге қайтып, ғылыми айналымға түсудің алдында тұр. Шетелдерден келген тарихи құжаттардың бірсыпырасы өткен жұма күні елорда төрінде ұйымдастырылған «Архив – ел тарихының қазынасы» атты республикалық ғылыми-практикалық конференцияда мәлімделді.
Қоғам • 07 Қараша, 2022
Атырауға Оңтүстік Африка Республикасының президенті болған, саналы ғұмырын адам құқығын қорғауға арнап, Нобель сыйлығын иеленген Нельсон Манделаның немересі келді. G-Global халықаралық бағдарламасының Оңтүстік Африкадағы өкілдігіне жетекшілік ететін Ндилека Мандела С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінде ашылған «Энергетика саласындағы әйелдер көшбасшылығы» білім беру бағдарламасына қатысты.