Экология • 03 Қараша, 2022
Жұмыр жердің бетіндегі жұмақ кейіптес «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі таулы, орманды, күміс көлдердің эко жүйесін қамти отырып, тарихи-археологиялық және ұлттық-мәдени ескерткіштерді сақтау мақсатында 1996 жылдың сәуір айында құрылған болатын. Қазір өз міндетін мінсіз атқарып, қайталанбас табиғи бітім-болмысты сақтап отыр.
Спорт • 03 Қараша, 2022
Сәкен мен Серіктің сенімді жеңісі
Бұл күндері Иорданияның бас шаһары – Амманда бокстан ерлер мен әйелдер арасындағы Азия чемпионаты өтіп жатқаны белгілі. Сары құрлық бәсекесінің екінші жарыс күнінде Қазақстан құрамасының үш өкілі шаршы алаңға көтеріліп, тек екеуі ғана келесі айналымға жолдама алды. Өкінішке қарай, 63,5 кило салмақ дәрежесінде жұдырықтасқан Маңғыстау облысының өкілі Санатәлі Төлтаев екінші кезеңде Өзбекстан құрамасының намысын қорғайтын қазақ – Руслан Абдуллаевтан жеңіліп қалды.
Таным • 03 Қараша, 2022
Жылы жаққа бет алған үйірінен қалып қойған сұңқылдақ аққу Бурабай кентіндегі зоологиялық бақта қыстап шығатын болды. «Қызыл кітапқа» енген құс төресін келер көктемге дейін Президенттің Іс басқармасына қарасты «Бурабай даму» серіктестігі бағып-қағады.
Медицина • 03 Қараша, 2022
Әлемде жыл сайын 3 қарашада Дүниежүзілік медуза күні атап өтіледі. Бұл – жер бетінде адамдарға қарағанда ұзақ жыл өмір сүретін мөлдір желатинді денесі бар омыртқасыз теңіз жануары. 500 миллион жылдан астам уақыт бойы тіршілік етіп келе жатқан медуза балық не өсімдік емес, 98% судан тұратын денесі күмбезге ұқсас мөлдір жаратылыс. Осы медузалардың медицинаға пайдасы барын білесіз бе?
Өнер • 03 Қараша, 2022
Жақында елордадағы Мемлекеттік Әскери-тарихи музейде Суретшілер одағының мүшесі, белгілі қылқалам шебері Аманат Назарқұлдың «Елім менің» атты жеке көрмесі өтті. Мазмұнды іс-шара Республика күнімен бірге Қазақстан мен Германия Федеративтік Республикасының дипломатиялық қарым-қатынасының 30 жылдығына арналды.