Әлем • 02 Қараша, 2021
ИТАКА. Глазгодағы Біріккен Ұлттар Ұйымы ұйымдастырған Климаттың өзгеруі жөніндегі конференциясы (COP26) қарсаңында алаңдаушылық та, үміт те басым. Алаңдаудың себебі қасақана «соқырларды» қоспағанда, бәріміз планетаға тигізіп жатқан зиянымызды көріп отырмыз. Өрт, су тасқыны және теңіз деңгейінің көтерілуі бүкіл әлемді елегізетеді. Қоршаған ортаның бұзылуы, соның салдарынан туындаған қақтығыстар босқындар санын жаппай көбейтеді.
Егемен Қазақстан • 02 Қараша, 2021
«Егеменге» өзінен бұрын сөзі жеткен
Облыстық «Сарыарқа самалы» газетіне енді орналасқан шақ. Әрі жергілікті университеттің екінші курсында оқимыз. «Редактор шақырып жатыр» десе, бойды үрей билейтін ақ үрпек кез.
Қоғам • 02 Қараша, 2021
Әуе отынының әлегі: Керосин тапшылығы қайтсе жойылады?
Өткен аптада әуе отынының жетіспеуі туралы жаңалық шарлап кетті. Нұр-Сұлтан және Алматы әуежайлары әуе жанармайының тапшылығын айтып, дабыл қақты. Отандық мұнай өңдеу зауыттары біздің әуе компанияларының қажеттілігін 93 пайызға қамтамасыз етіп отырған кезде неліктен тапшылық туындай қалды? Әлем бойынша ең қымбат әуе отынының Қазақстанда екені рас па? Осы және өзге де сауалдарға жауап іздеп көрейік.
Қоғам • 02 Қараша, 2021
Бар ғұмырын еңбекке арнаған, туған жерін түлетуге атсалысып, ел қамын ойлаған қаншама абзал азамат бар. Ондаған жыл қызу еңбектің көрігінде шыңдалған сол саңлақтар «бейнет қыл да, міндет қыл» деген емес. Төрде отырып алмай, әлі де ел-жұртына қызмет етіп келеді. Мен бүгін осындай ағалардың бірі – Сыр еліне сыйы артқан Серік Әбішұлы Дүйсенбаев туралы айтқым келеді.
Қоғам • 02 Қараша, 2021
Атажұрттағы басқосу қандастарды шексіз қуанышқа бөледі
Еліміз Тәуелсіздік алған сәттен бастап шетелдегі қандастарды қолдау және отандастарымызды тарихи атамекенімен таныстыру жұмыстары жүйелі түрде іске асырылуда. Осы мақсатта «Отандастар қоры» КеАҚ пен Jas Qazaq халықаралық жастар клубы бірнеше жыл қатарынан «Киелі Қазақстан» жобасын ұйымдастырып келеді.