Қазақстан • 01 Қараша, 2022
Әскерлердің жауынгерлік әзірлігі мен күнделікті қызметі материалдық-техникалық тұрғыдан жан-жақты қамтамасыз етілуіне тығыз байланысты. Сол себепті Қарулы Күштердің бұл саласына ерекше назар аударылады. Алайда көптің көзінен таса бұл қызмет түрін қарапайым жұрт біле бермейді. Солардың бірі – елордадағы 83205 әскери бөлімі. Биыл күзде құрылғанына 30 жыл толған бөлімге Қорғаныс министрлігі мен Қарулы Күштер Бас штабын қамтамасыз ету жүктелген.
Білім • 01 Қараша, 2022
Қазақстан оқушылары олимпиадаларға қатысу тарихында алғаш рет сыйақыға ие болды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың дарынды балаларды ынталандыру жөніндегі тапсырмасы арқылы мүмкін болған. Енді 27 медаль иегері еліміздің жоғары оқу орындарында тегін оқитын болады.
Аймақтар • 01 Қараша, 2022
Семейдегі физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары кезекті авторлық құқыққа қол жеткізді.
Қоғам • 01 Қараша, 2022
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ Балалар жылы аясында еліміз бойынша мектеп оқушылары арасында балалар оқуы байқауын ұйымдастырған болатын.
Тарих • 01 Қараша, 2022
Мұстафа Шоқайдың Гүржістандағы күндері
Өжет мінезі мен қайратын, биік талабы мен тағдыр-талайын халқының азаттығы мен теңдігі жолына арнаған Алаш ардақтыларының бірі Мұстафа Шоқайдың (1890-1941) қилы да қиын өмірінің бір белесі Гүржістанда (Грузия)өткені белгілі. Түркістан тәуелсіздігі үшін күресін жалғастыру үшін Мұстафа Шоқайдың Кавказды таңдап алуы кездейсоқ емес еді.