Саясат • 08 Желтоқсан, 2022
Кеше Мәжіліс Спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен Палатаның жалпы отырысы өтті. Жиын барысында «Қоғамдық бақылау туралы» заң жобасы талқыланды. Сондай-ақ бірқатар құжат екінші оқылымда мақұлданды.
Экономика • 08 Желтоқсан, 2022
Fitch халықаралық рейтинг агенттігі Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингін «BBB» деңгейінде, «Тұрақты» болжамымен растады. Еліміздің рейтингін қолдайтын негізгі факторлар – қуатты фискалдық және сыртқы теңгерімдер. Агенттік сарапшыларының пікіріне қарағанда, олар сыртқы күйзелістерге тұрақтылығын дәлелдеді. Сондай-ақ ірі фискалды буферлер сыртқы таза кредитор мәртебесін сақтауға мүмкіндік берген.
Экономика • 08 Желтоқсан, 2022
Әуе компанияларына айыппұл салынды
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде «Ашық сағат алаңында» отандық авиакомпаниялардың әуе кемелері паркін толықтыру мәселелеріне арналған кеңес өткізілді. Алқалы жиынның күн тәртібінде әуе компанияларының ұшу бағыты кестелерін уақтылы орындаудың маңыздылығы, сондай-ақ рейстердің кешіккен немесе тоқтатылған жағдайда жолаушылардың құқықтарының сақталуы жөніндегі мәселелер қаралды.
Экономика • 08 Желтоқсан, 2022
Зейнетақы қоры: Комиссия жарнасы қанша?
Биыл қазан айының басында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы азаматтардың зейнетақы жинағы 14 трлн теңгеден асып, бір жыл ішінде 7,8 пайызға көбейді. Көбею жинақтаудың барлық түрі бойынша байқалады: міндетті зейнетақы жарнасы бойынша өсім 7,4 пайыз болса, міндетті кәсіби жарна бойынша – 20,9 пайыз, ерікті жарна бойынша – 90,6 пайыз.
Қоғам • 08 Желтоқсан, 2022
Халықтың несие жүктемесінің шамадан тыс артып кетуіне байланысты мемлекет жеке тұлғалардың банкрот атануына мүмкіндік беретін заң жобасын дайындауға мәжбүр болды. Мұны қаңтарда Мемлекет басшысы тапсырған еді. Қаржы министрлігінің хабарлауынша, ел бойынша 1,4 млн адамның 90 күннен асып төленбеген берешегі 1 449 млрд теңгеге жеткен. Вице-министр Ержан Біржанов «Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы» заң жобасының біраз ерекшеліктерін тізбелеп берді.