Білім • 08 Желтоқсан, 2022
Жоғары оқу орны, театр, музей, кітапхана – елдің елдік мәдени өрісінің көрінісі. Ұлт мақтанышы. «Отырар кітапханасы» десек, есімізге орта ғасырлар тарихы оралады. Оның Александрия кітапханасынан кейінгі орында күллі адамзаттық құндылыққа айналғанын бірден пайымдаймыз. Ортағасырлық ғылым, білімнің көрігіне айналғанына жан тартып қуанамыз.
Әдебиет • 08 Желтоқсан, 2022
Астанада көрнекті жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қажығали Мұханбетқалиұлының туғанына 80 жыл толуына арналған іс-шаралар легі, алдымен Ұлттық академиялық кітапханада қабырғалы қаламгердің тұңғыш рет ағылшын тілінде жарық көрген «Troubled times» («Тар кезең») тарихи романының таныстырылымымен басталды. Іс-шараға Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі, Қазақ ПЕН-клубының президенті Бигелді Ғабдуллин, аудармашы Саймон Холлингсуорт, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет және зиялы қауым өкілдері қатысты.
Әдебиет • 08 Желтоқсан, 2022
Мына бір сурет – соңғы жылдары табылған тарихи жәдігердің бірі. Сол жақ шетте отырған адам – қазақ балуаны Қажымұқан Мұңайтпасов, оның қасындағы эстон балуаны Карл Томберг екен.
Қоғам • 08 Желтоқсан, 2022
Қазақта мына дүниенің өтпелі екендігін білдіретін «Бес күндік жалған өмір» деген сөз бар. Жас кезімізде бұл сөздің мән-мағынасына онша тереңдей қоймағанбыз. Кейінгі екі-үш жылда алдымыздағы ағаларымыз, бірге жүрген достарымыз, әріптестеріміз бақилық болғанда бұл сөзді өзіміз де қолдана бастадық. Жоғары мектептің көрнекті ұйымдастырушысы, тарих ғылымдарының докторы, профессор Амангелді Құсайыновтың о дүниелік болғаны туралы жайсыз хабарды естігенде шынымен жалған өмірде тіршілік кешіп жүргендей сезіндік. Өйткені төрт-бес күн бұрын ғана ұялы телефон арқылы хабарласып, бір мәселе бойынша ақылдасып едік. Сонда дауысы жарқын, ашық болатын, еш аурудың ізі байқалмай тұрды. Ол биыл көзі тірі болса, 80 жасқа толар еді.
Сұхбат • 08 Желтоқсан, 2022
Қазақ киносы әлемге таныла бастады
Қазақ киносын түп-тамырымен танитын және ол жайлы бәрін білетін бір тұлға болса, ол – Гүлнар Әбікеева. Жетекші отандық кинотанушы, өнертану докторы, Қазақстан киносыншылары қауымдастығының президенті, Қазақстан және Орталық Азия кинематографиясы туралы он екі кітаптың және топтама жинақтарда, альманахтарда, журналдарда, интернет-порталдарда үзбей жарияланатын жүздеген мақаланың авторы, Кино саласындағы баспасөз өкілдері халықаралық қауымдастығының (ФИПРЕССИ) және Азия киносын ілгерілету ұйымының (НЕТПАК) мүшесі, көптеген халықаралық кинофестивальдің қазылар алқасының мүшесі. 2005 жылдан бастап оның кәсіби тағдыры «Еуразия» кинофестивалімен қатар өріліп келеді – өткен кинофестивальдердің көпшілігінде ол арт-директор міндетін атқарды. Ал биыл XVI «Еуразия» ХКФ бағдарламалық директоры ретінде бірнеше сауалымызға жауап берді.