Таным • 07 Желтоқсан, 2022
Қонаев қаласын қақ жарып өтетін қасқа жолдың бойында көне көліктер мекені бар. Атау-сойы да адам көңілін тыпыршытатындай «Тұлпар» деп аталады. Осы ретросалоннан өткен ғасырдың 50-80 жылдарында жасалған ескі көліктердің түр-түрін көруге болады.
Өнер • 07 Желтоқсан, 2022
Уақыт пен кеңістік жоқ әлемде адами құндылықтар мен сезімдерді сақтап қалу, жансыз сурет болудан қашу, шынайы өмірдің мән-мағынасын түсіну, көз жанарындағы миллиондаған түстер мен суреттер арпалысы. Егер адам ғайыптан осы кеңістікке еніп кетсе не болар еді? «Мен жоқ жердегі «Менің өмірім» эксперименттік драмасы тұңғыш рет Жүсіпбек Аймауытов атындағы облыстық қазақ музыка-драма театрында сахналанды.
Экология • 07 Желтоқсан, 2022
Алматы ауасының ластануын анықтау үшін арнайы құрылғының да қажеті жоқ. Түтіннен көз ашпай тұрған шаһар тек қалың жаңбырдан кейін ғана Алатау дейтін көркем таудың етегінде жайғасқанын көре алады. Табиғат сұлулығы санаулы сағаттан кейін қайта түтінмен тұмшаланады. Қала экологиясының әбден нашарлауынан халықтың денсаулығы сыр беріп, тыныс-өкпе жолдары кеселдерінің көрсеткіші көтеріліп тұр.
Аймақтар • 07 Желтоқсан, 2022
Ұлытау облысында кәсіби футбол клубы құрылады
Қазақстан футбол федерациясы 2034 жылға дейінгі қазақстандық футболды дамыту Стратегиясы аясында өңірлерде футболды дамытуға бағытталған әлеуметтік жобаларды іске асыру мақсатымен Ұлытау облысының әкімдігімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚФФ-ға сілтеме жасап.
Қазақстан • 07 Желтоқсан, 2022
ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер мен Иран арасында келіссөз өтті
Тегеран қаласында ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер мен Иран Ислам Республикасы арасында еркін сауда туралы келісім жасасу жөніндегі келіссөздердің 6-раунды өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.