Экономика • 04 Желтоқсан, 2023
Саясатқа байланған сауда жолдары
Қазақстан теңіз жолына шығуға мүмкіндігі жоқ ел екенін білеміз. Алайда ол барлық мемлекетпен тату тұратын біздің ел үшін кедергі емес. Нарықта сұранысы бар, бәсекеге қабілетті тауар болса, оны өткізетін, тасымалдайтын мүмкіндік қашан да табылады. Тек күрделеніп тұрған әлемнің геосаяси сахнасында бұрыннан тәжірибе қалыптастырған «өгіз де өлмейтін, арба да сынбайтын» саясаттан алшақ кетпесек болғаны. Экономика мен саясатты кейде егіз ұғым дерсіз. Оны жалпы әлемдік сауда жолдарындағы бүгінгі ахуалға қарап болжай беруге болатындай...
Қоғам • 04 Желтоқсан, 2023
Бабаларымыздың жаһандық өркениетке қосқан үлесі хақында аз айтылып жүрген жоқ. Сан тарапқа шашылған шежірелі мұраларымызды зерделеу ісіне тек тарихшылар емес, барша қоғам өкілдері атсалысып жүр. Бұл тамыры терең тарихымыздың ертеңіне едәуір септігін тигізері – талассыз ақиқат.
Шаруашылық • 04 Желтоқсан, 2023
Агроөндірістік кешен – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ерекше назарындағы маңызды саланың бірі. Өйткені келешегі зор, экспорттық әлеуеті мол бұл саланың елімізге берері көп. Агроөндірістік сектор мықты болуы үшін, ең алдымен, отандық ғылым мен мамандар мықты болуы керек.
Қоғам • 04 Желтоқсан, 2023
Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тыйым бола ма?
Мамандардың айтуынша, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың кез келген түрі әрбір сегізінші отбасында бар. Әрбір үшінші отбасында тұрмыстық зорлық-зомбылық болса, әрбір жетінші әйел – экономикалық, әрбір алтыншы әйел – физикалық, әрбір үшінші әйел – психологиялық зорлық-зомбылыққа тап болады. Өкінішке қарай, қазіргі қоғамда отбасындағы кемсіту мен қорқыту қалыпты жағдайға айналды, тұрмыстық зорлық-зомбылық қылмыстарына құлақ үйренді. Қоғам дертіне айналған бұл құбылыстың тамырына балта шабуға бола ма? Заңнамадағы соңғы өзгерістер бұл бағыттағы қылмыстардың алын алуға қаншалықты ықпал етті? Көптің көкейіндегі бұл сұрақтарды мамандардың өзінен сұрап-білу үшін дөңгелек үстел басына жинап, мәселеге қатысты ой-пікірін білуді жөн көрдік. Басқосуға Парламент Сенатының депутаты Жанна АСАНОВА, Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Ләззат СҮЛЕЙМЕН, ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақмарал СЕРІКБАЕВА, Астана қаласы әкімдігі «Үміт дағдарыс» орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының әлеуметтік жұмыстар жөніндегі орынбасары Айгүл ШАМШАТОВА, «Қазақстан қоғамдық даму институты» КеАҚ Отбасы және гендерлік саясат саласындағы зерттеулер орталығының жетекші маманы Бекзат ЕРМЕКБАЕВА, «Қазақ газеттері» ЖШС бас директоры Дихан ҚАМЗАБЕКҰЛЫ қатысты.
Қоғам • 04 Желтоқсан, 2023
Астанада өртенген көліктің жүргізушісін әскери қызметкер құтқарып қалған
Астанада әскери қызметкер өртеніп жатқан көліктің жүргізушісін құтқарып қалған, деп хабарлайды Egemen.kz.