Өнер • 04 Желтоқсан, 2023
Бейнесі аңызға айналған Анна Ахматованың портреттері көпке мәлім. Ақынның суретін әр жылдары Амедео Модильяни мен Кузьма Петров-Водкин, Иосиф Бродский мен Алексей Баталов салған. Өнертанушы Эрих Голлербах айтқандай, «Ахматованың портреттерінде ондаған сыншының кітаптарына қарағанда әлдеқайда көп шындық бар» деседі. Иә, аңыз-тұлғаның өмірінің әр кезеңін бейнелеген туындыларда сол уақытқа сай ақынның көңіл күйі де көрінетіндей. Десе де бірнеше портретіне ортақ бір күй бар – мұң. Қай суретшінің қылқаламындағы Ахматоваға қарасаңыз да биік рух, сырбаз бейне, асқақ жан, жанарынан есетін қоңыр мұңды байқамау мүмкін емес.
Кино • 04 Желтоқсан, 2023
Қожабековке қиянат жасаған кім?
Өнердегі алғашқы адымын кинорежиссер Марк Донскойдың «Аласталған Алитет» фильміндегі Аэ рөлімен аттап, ә дегеннен ел назарын өзіне бұрғызған келбеті келіскен көркем жігіттің келешегінен театр мен кино мамандары, жалпы қалың көрермен зор үміт күткен. Одан кейінгі «Біз Жетісуданбыз» (Нартай), «Шабандоз қыз» (Айдар) картиналарындағы кесек бейнесі де актер болашағына артқан сенімді одан әрі нығайта түсті. Тіпті дәуірінің реформаторы болған режиссер Әзірбайжан Мәмбетовтің өзі балалар мен жасөспірімдер театрында жетекші актер болып қызмет етіп жүрген жас әртісті аттай қалап, М.Әуезов атындағы драма театрға шақырады. Шоқан мен Хлестаков рөлін ұсынған режиссердің талантты әртіске деген шығармашылық жоспары үлкен болатын.
Елорда • 04 Желтоқсан, 2023
«Инновациялық технологиялар паркі» қайта құрылады
«Astana Hub» халықаралық IT-стартаптар технопаркі» корпоративтік қоры «Инновациялық технологиялар паркі» дербес кластерлік қорына қосылу жолымен қайта ұйымдастырылады. Бұл туралы қордың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Руханият • 04 Желтоқсан, 2023
Шымкент қаласындағы Әл-Фараби ғылыми-әмбебап кітапханасында «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» жыр-дастаны «Елім-айдың» 300 жылдығына, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Серік Негимовтің «Абай ғибратнамасы» кітабының тұсаукесеріне орай іс-шара өтті. Жиынды ұйымдастырған – қалалық әкімдік пен «Жеті жарғы және Қожаберген жырау» халықаралық қоғамдық қайырымдылық қоры.
Басылым • 04 Желтоқсан, 2023
Газет пен журнал – екінші тынысым
1966 жылы қауыс-қараша айының ортасында Ресей аумағында үш жыл екі ай міндетімді өтеп, елге оралдым. Екі жылдай Горький-Борда, бір жыл үш айдай Иванова-Шуя гарнизонында болдым. Бір ғажабы – осы үш жылда да біз 40 шақты қазақ пен 8 өзбек «Социалистік Қазақстан» және «Казахстанская правда» газетінен көз жазғанымыз жоқ. Елдегі жаңалықтарды оқып, масаттанып қаламыз, бір-бірімізден сүйінші сұраймыз. Кейіндеу білдім, мұны ұйымдастырған атыраулық екі солдат, екеуі де орта мектепті орыс тілінде бітірген Мақсат Құлтумин мен Ғайнет Қуанғалиев екен. Бірде Мақсаттың шағын мақаласы «Казахстанская правда» газетіне жарияланды. Сонда оны қолма-қол құттықтап қуанғанымыз-ай! Содан 1964 жылы Горький гарнизонында 800 метр жарыстан солдат Өсер Серікқалиевтің екінші орын алғаны туралы сержант Исатай Шәмбіловтің «Социалистік Қазақстанға» шыққан мақаласын бәріміз жабылып, күндіз-түні оқығанымызды қайтерсің!