Аймақтар • 07 Желтоқсан, 2022
Дүкендегі балаларға арналған сапасыз базарлықтар әртүрлі дертке жетелеуі мүмкін. Кеденнен заңсыз өткен ойыншықтардың залалы қоғамға қауіпті. Мәселен, Жетісу облысында зерттелген ойыншықтардың 64 пайызы техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейді. Демек, өңір тұрғындарының алаңдауына себеп бар. Бүгінде дәрігерлер де зар қағып отыр.
Аймақтар • 07 Желтоқсан, 2022
Қараусыз мал апатқа ұрындырады
Әлеуметтік желіге кіріп қалсаң, күнде көретінің – жол апаты. Бірден «жүргізушілер жоғары жылдамдықпен жүйткиді» деген ой сақ ете қалатыны рас. Шын мәнінде, жол-көлік оқиғаларының себебі көп. Кейінгі кезде қараусыз қалған мал адам өміріне қауіп төндіріп тұр. Мал ұрлығының өсуіне де әсер етіп отырғаны тағы бар.
Аймақтар • 07 Желтоқсан, 2022
Көлік гаражынан «Екібастұз жылу-энерго» ЖШС учаске басшысының мәйіті табылды.
Қоғам • 07 Желтоқсан, 2022
Құмар ойын бизнесін ұйымдастырушылардың қалтасы қампиғанымен, құмар ойыншылардың тағдыры бұзылғаны алаңдатады. «Бір көрейінші» деп бастап, барынан айырылғанша бәс тігетін адам қаншама?! Жеңіл ақшаға әуес болып, миллиондарды желге ұшырады. Өзін ғана емес, отбасын да шырылдатып, шығынға батырып ойнайтын құмарлық – шынында да аурудың асқынған түрі.
Руханият • 07 Желтоқсан, 2022
Нешеме жылдар өтсе де, жадыңда жаңғырып, көңiлiңнен кетпей жүретiн көркем кiсiлер бар. Соның бiрi де бiрегейi академик Зейнолла Қабдолов едi. Дана адамның дидары кейбiр тұнжыр күндерде есiңе түссе, тiптi еңсеңдi тiктеп жiбередi. Сол аяулы ұстаздың асыл жары Сәуле апаймен арагiдiк хабарласып тұру дағдыға айналған талай күндер де өттi. Арадағы дәнекер, әрине, ұлы ұстаз рухы.