Әдебиет • 07 Желтоқсан, 2022
Ежелгі тарихтың ескерілмеген парағы
Жақында Алматыдағы «Аbai baspasy» Зәріпбай Оразбай әзірлеген «Ұлы тарих және Ұлы әулиелер» атты жинақты жариялады. Ол Ақтан сопы Құтбтың «Біздің тарихымыз» (1730) деп аталатын шағатай қарпіндегі қолжазбасы негізінде даярланған. Онда Шыңғыс ханның (қолжазбада – Шыңғыз) ең сенімді қолбасшысының бірі Ноқта (кей деректе Бұқыршын) ноян мен оның ағасы Орақты ұрпақтарының XVIII ғасырдың басына дейінгі тарихы баяндалған. Аталған кітаптағы түркілер мен Шыңғыс ханға қатысты мәліметтер Рашид ад-дин Фазуллах Хамаданидің «Жамиғ ат-тауарих» (1316) және Шараф ад-дин Әли Йаздидің «Зафарнама» (1425) еңбектеріндегі деректерге сәйкес келеді. Жинаққа Бекасыл әулиенің «Зикзал» мұрасы туралы деректер мен Мәшһүр Жүсіптің естеліктері, сондай-ақ академик Ғарифолла Есімнің «Шыңғыз хан туралы тосын пікір» атты мақаласы енген. «Ұлы тарих және Ұлы әулиелер» көне заманнан осы күнге дейінгі ел тарихын дұрыс байыптауға жәрдемін тигізеді.7 желтоқсан күні сағ. 15.00-де елордадағы Академиялық кітапханада көне тарихтан мағлұмат беретін «Ұлы тарих және Ұлы әулиелер» атты жинақтың тұсаукесері өтеді.
Қоғам • 07 Желтоқсан, 2022
«Аспан астындағы мұражай» атанған Маңғыстау көне дәуір кереметтерімен де көпшілікті таңғалдырады. Тек тарихи-мәдени нысандар немесе өзіндік табиғат ерекшеліктері емес, Маңғыстауда әлемдік ғылыми қауымдастықтың қызығушылығын тудырып, зерттеу нысанына айналатын ежелгі дәуір жәдігерлері жиі табылады. Болашақта қор мұнан да зор жәдігерлермен толыға түсетініне сенім мол.
Руханият • 07 Желтоқсан, 2022
Спорт • 07 Желтоқсан, 2022
Футболдан әлем чемпионатының он алтыншы күнінде жанкүйерлер 1/8 финалдың тағы екі матчын тамашалады. Біріншісінде 2018 жылғы әлем біріншілігінің вице-чемпионы Хорватия топтық кезеңде сенсация жасаған Жапонияны матч соңындағы пенальти сериясында жеңсе, екіншісінде бес дүркін әлем чемпионы Бразилия Кореяның қақпасына төрт гол соғып, Қатарда футбол карнавалын ұйымдастырды.
Спорт • 07 Желтоқсан, 2022
Әлем кубогіне кімдер қатысады?
10-11 желтоқсан күндері АҚШ-тың Айова штатындағы Коралвилл қаласында еркін және әйелдер күресінен Әлем кубогі жарысы өтеді. Биыл Xtream Arena-да ұйымдастырылатын белдесулерде ерлер мен әйелдер еркін күрестен алғаш рет бір спорт кешенінде жиналып, кім мықтыны анықтамақ.