Аймақтар • 06 Желтоқсан, 2022
Әбсаттар Дербісәлі атындағы дәрісхана
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде академик, филология ғылымдарының докторы, профессор, шығыстанушы ғалым, дипломат Әбсаттар қажы Дербісәлінің туғанына 75 жыл толуына орай «Шығыстану және руханият мәселелері» тақырыбында халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті.
Саясат • 06 Желтоқсан, 2022
Қазақстан тәжірибесі жоғары бағаланды
Мемлекет басшысының тапсырмасымен еліміздегі құзырлы органдар шетелдік әріптестермен баянды байланыс орнатып, 2019-2021 жылдар аралығында «Жусан» арнайы гуманитарлық операциясы сәтті жүзеге асқаны мәлім. Сол уақыт аралығында 700-ге жуық қазақстандық Отанына оралған болатын. Қазақстанның бұл тәжірибесін шетелдік сарапшылар жоғары бағалап отыр.
Саясат • 06 Желтоқсан, 2022
Азық-түлік бағасын тұрақтандыруға арналды
Премьер-Министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мәселелері жөнінде кеңес өткізді.
Саясат • 06 Желтоқсан, 2022
Астанада «Қазақстан Республикасы Парламентінің қоғамға институционалдық ашықтығы» атты халықаралық конференция өтті. Басқосу барысында сенаторлар Қазақстандағы парламентаризмді дамыту қоры, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, USAID, Internews және Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар кеңсесінің өкілдерімен бірге парламентшілердің азаматтық қоғам көшбасшыларымен өзара іс-қимылының өзекті мәселелерін талқылады.
Экономика • 06 Желтоқсан, 2022
Үкімет бағаны бақыламауға ыңғай танытып еді, нарықта ел экономикасын қайта бағдарлау мәселесіне басқаша көзқарас пайда бола бастағандай сыңай байқалды. Сарапшылардың кейбірі мұны монополиямен күресудің бір тетігі ретінде қарастырғысы келеді. Әңгіме – әлеуметтік маңызы бар азық-түлік түрлерінің бағасын шектеудің күшін жою туралы. Бақылауда ұстағанның өзінде ие бермей тұрған баға мұндай жағдайда одан әрі аспандап кете ме деген алаңдаушылық та бар.