Аймақтар • 06 Желтоқсан, 2022
Биыл Ақмола диқандары 5 млн тоннадан астам сапалы астық жинап, еңбектері ақталды. Әйтсе де, қолда барды кәдеге жарату тұсы кемшін. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өнім экспортын ұлғайтуды тапсырды. Ал Ауыл шаруашылығы министрлігі әзірге ұсыныспен ғана шектеліп отыр.
Қоғам • 06 Желтоқсан, 2022
Жылу жүйесіндегі апатты қалпына келтіру жұмыстары екінші аптаға кетті. Шаһардағы барлық үйдің жертөлесіне жылу кіргенімен, пәтерлердегі қатып қалған құбырлар мен кәріз жүйесін реттеу қиынға соғып тұр. Тұрғындар жөндеу бригадаларының жетіспейтіндігіне, кейбірі жылу батареяларын өз қаражаттарына сатып алып жатқанына шағымданып жатыр.
Қоғам • 06 Желтоқсан, 2022
Әйгілі желаяқ – құрметті азамат
Майлы қиян – Маңғыстауда дүниеге келген Әмин Тұяқовты Атырау өңірімен не байланыстырады? Өзінің айтуынша, үлкен спорттағы қадамы мұнайлы шаһарда бастау алған. Осындағы педагогикалық институтта ашылған жеңіл атлет тобында жүгіруді бастап, 1954 жылы қала чемпионы атанған.
Аймақтар • 06 Желтоқсан, 2022
Шешендік өнер – халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасып, бүгінге жеткен баға жетпес қасиетті қазынасы. Осы қазынаны қазіргі және келер ұрпаққа насихаттау мен аманаттау мақсатында республикалық Абай атындағы мамандандырылған мектепте IV республикалық «Ділмар» шешендік өнер байқауы өтті.
Спорт • 06 Желтоқсан, 2022
Жарысты жалғыз қоламен түйіндеді
Жапонияның бас шаһары – Токиода ұйымдастырылған дзюдодан «Үлкен дулыға» бәсекесі аяқталды. Жылдың қорытынды додасында Қазақстан құрамасы бір медальға қол жеткізді.