Қоғам • 05 Желтоқсан, 2022
Кеңестік «жылымықтан» кейінгі Барыс жылы дүние есігін ашқандар кезек-кезегімен алпысты бағындырып жатыр. Белгілі әдебиеттанушы-академик, журналист Бауыржан Омарұлының сөзімен айтсақ: «Алпысқа жұрт әртүрлі жолмен, әртүрлі кейіппен келеді. Мәселен, мынандай алпыстар бар... Айшуақ алпыс, ақжайық алпыс, ағеден алпыс, ақкөңіл алпыс, азусыз алпыс, асау алпыс, асқақ алпыс, айбарлы алпыс, ашушаң алпыс, ақырған алпыс, алғыр алпыс» болып жіктеліп кете береді. Ал бүгін біз сөз еткелі отырған Қазыбек Иса құрдасымыздың алпысы – «мінезді алпыс» деуге әбден лайық.
Спорт • 05 Желтоқсан, 2022
Ауыл алаңынан – Олимпиада тұғырына
Өткен апта соңында Астана қаласындағы «Qazaqstan» жеңіл атлетика спорт кешенінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен «Ауыл алаңынан – Олимпиада тұғырына» атты ауыл спорт нұсқаушыларының І республикалық конференциясы өтті. Маңызды басқосуға салаға жауапты ведомство басшылары, тәжірибелі бапкерлер мен танымал спортшылар, осы саланың білгір әдіскерлері, маман нұсқаушылары, сондай-ақ облыстық спорт басқармаларының басшылары және өңірлердегі денешынықтыру-спорт орталықтарының директорлары қатысты.
Өнер • 05 Желтоқсан, 2022
«Онда бір сұмдық сыр бар естілмеген» дейді ғой Мұқағали Мақатаев қазақтың қара өлеңі туралы. Тура осы сөзді қазақтың күй өнеріне де қарата айтуға әбден болады. Тек Алаш топырағына тән өнер атаулының ішінде күй, оның ішінде Кетбұғаның «Ақсақ құланы» екібастан солай. Тыңдаған сайын әрі-сәрі күйге салады. Қазақ күйлері, оның ішінде домбырада тартылатын туындылардың ілкі бастауы осы туындыдан бас құрайтындай сезіледі. Домбыра аспабына қатысты кейбір тарихи оқиғалардың осы күйдің шығуы мен аяқталуына байланысты айтылатыны тағы тегін емес.
Өнер • 05 Желтоқсан, 2022
«Өнерде шекара болмайды» деген тәмсілдің ақиқат екендігіне шүбәсіз сенесіз. Жалпы жұрт жадынан өшпейтін өнер жасаған таланттардың туындылары – адамзатқа ортақ құндылық. Осы ретте орыстың көрнекті композиторы Андрей Петров туралы айтқанды жөн көрдік. Айтпақшы, оны кеңес дәуірінде туған адамдар жақсы біледі. Әсіресе оның есімі жалпақ елге әйгілі режиссерлер Георгий Данелия мен Эльдар Рязановтың ғажайып көркем фильмдеріне жазған бірде мұңлы, бірде сырлы музыкасымен танылды.
Өнер • 05 Желтоқсан, 2022
Отанға деген перзенттік борышын музыкалық аспаптардың пернесінен іздеп, мәңгілік ескерткіш орнатты. Туған жерге деген теңдесіз сезімінен саз өрбіді, көңілінде ноталар биледі. Оның киесін ұғыну, қасиетін түсіну қасіретпен пара-пар еді. Оны біз бағамдай алар ма екенбіз?! Сол сезім атаулының бәрін жүрек сүзгісінен өткізіп, сыры мен сыны кетпейтін музыка өнерінің машақатын тартқан ұлы композитордың жан азабына мына пианино куә... Сөйле, пианино!