Сұхбат • 01 Желтоқсан, 2023
Камалжан НАДЫРОВ: Мақсатымыз – бәсекеге қабілетті дәрігер даярлау
Медицина саласына қай кезде де тәжірибелі маман қажет. Мемлекет кадр даярлау ісін үйлестіріп отырған оқу орындарына сенім артады. Астана медицина университетінің ректоры Камалжан Надыровпен сұхбаттасудың сәті түскенде медицина мамандарын даярлаудағы жаңашылдықтар турасында сұраған едік.
Елорда • 01 Желтоқсан, 2023
Астана – іскерлік туризмнің бастауы
Бізге білінбес, бірақ жыл сайын курортты елдердің ірі компаниялары өзара бақталасып, туристерді тарту үшін түрлі қадамға барады. Қомақты қаржы қарастырып, жарнамаға жанын салады. Қоңыржай климаттық белдеуде орналасқан еліміздің табиғаты жағажай туризмін жандандыруға қолайсыз. Қаймығатын дәнеңе жоқ, білгенге туризмнің сан тараулы тармағы бар. Мысалы, шетелдік қонақтар Астанаға іскерлік туризммен келіп, сәті түсіп жатса, іргелес аудандарды аралап, өлкенің бай тарихымен танысуға тырысады.
Бокс • 01 Желтоқсан, 2023
Ереванда өтіп жатқан әлем біріншілігінде еліміздің жасөспірімдер құрамасы сапында 13 боксшы өнер көрсетіп, солардың тоғызы алғашқы айналымдардан аса алмағаны жайында біз бұған дейін де баяндағанбыз.
Спорт • 01 Желтоқсан, 2023
«Приштинаның» тас-талқанын шығарды
Футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасының элиталық кезеңі басталды. Алматының «Қайраты» тұсаукесер кездесуін Косовоның «Приштина» клубына қарсы өткізді.
Спорт • 01 Желтоқсан, 2023
Үстел теннисінен Словенияның Нова-Горица қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы әлем біріншілігінің алғашқы туры артта қалды.