Пікір • 07 Желтоқсан, 2021
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев дер шағында, ұлыстың ұлы тойының дәл қарсаңында жариялаған «Тәуелсіздік тағылымы» атты мақаласында: «Біз атом қаруынан өз еркімізбен бас тартып, бүкіләлемдік ядролық қарусыздану көшін бастадық. Бұл – Қазақстанның жаһандық бейбітшілікті сақтауға қосқан теңдессіз үлесі» деп атап айтқан, қадап көрсеткен. Иә, Қазақстанның әлемдегі бейбітшілік жолындағы шерудің көшін бастағанының өзіне отыз жыл толып отыр. Оны отыз жылдан бері бүкіл әлем біліп, лайықты бағалап отыр.
Қазақстан • 07 Желтоқсан, 2021
Пікір • 07 Желтоқсан, 2021
Тәуелсіздік – тағылымды ұлттарға тарту
Елбасының «Тәуелсіздік тағылымы» атты мақаласын оқып отырып, ең алдымен қазақ тілінің ұлылығына, сөздік қорының байлығына, қуаты мен қарымына сүйсінесің. Тұңғыш Президентіміз мақаласының өне бойы өнегелі, ұлағатты, қанатты сөздерге толы. «Ынтымағы жарасқан елдің табысы тасып, абыройы асады. Берекесі қашқан елдің қуаты кеміп, құты қашады» дейді Н.Назарбаев.
Қазақстан • 07 Желтоқсан, 2021
Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығының қарсаңында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Тәуелсіздік тағылымы» атты мақаласы жарияланды. Бабаларымыз армандаған елдік пен еркіндіктің символы болып жалғасқан ұлы арманы – Тәуелсіздік еді. Ұлан-ғайыр замандардың тарихи картинасын Елбасы мақаласынан көресің. Сақтар мен ғұндар, одан соң түркі халқы Ұлы далада өз мемлекетін құрды.
Қазақстан • 07 Желтоқсан, 2021
Елбасының ел газеті «Egemen Qazaqstan» газетіне шыққан «Тәуелсіздік тағылымы» атты мақаласын ең әуелі жастар оқуы керек деп ойлаймын. Өйткені қазір ел ішінде Қазақстанның Кеңес Одағының құрамынан ең соңғы республика болып шыққанын сан саққа жүгіртетіндер көп. Бұл мақалада сол сауалға нақты жауап берілген. Жалпы, Тәуелсіздіктің бізге қандай жолмен келгенін нақты білгісі келетіндер үшін мақалада көп дүние қамтылған.