Білім • 07 Желтоқсан, 2021
Мұғалімнің кәсіби дамуындағы көшбасшылық
ACQUIN (Германия): «Педагогикалық шеберлік орталығы бағдарламаларының мазмұны мен ұйымдастырылуы Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл Орталық Азия үшін ерекше, ал мұғалімдер мен басшыларды осы бағдарламалар бойынша оқыту мектептің және барлық білім беру жүйесінің келбетін өзгертуге үлес қосады».
Бизнес • 07 Желтоқсан, 2021
Бизнесті берекелі еткен бес жыл
Бұрын бизнес саласына екінің бірі бара бермейтін. Өйткені көпшіліктің түсінігінде кәсіпкерлікпен қалталылар ғана айналысады және бұл қара халыққа қол емес. Санаға сіңіп қалған осы бір қасаң қағиданы «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы жетекшілік ететін «Бастау Бизнес» жобасы біржола бұзып, халықтың түсінігіне сілкініс әкелді. Қазір жағдай мүлдем өзгерген. Шағын және орта бизнеспен жас та, жасамыс та, жарлы да, малды да айналыса алады. Бастысы ниет болса болғаны. Қолдау түрлері де көп. Сондықтан болар, осы күні ел ішінде жеке бизнесін ашып, берекелі іспен айналысуға бел буған отандастарымыздың қатары қалың. Ал ниеттілердің нөпірі әлі де толастар емес.
Әлем • 06 Желтоқсан, 2021
The Economist басылымы жыл сайынғы дәстүрі бойынша ең қымбат, яғни өмір сүру, тіршілік ету үшін көп қаржыны талап ететін қалалар тізімін жариялады. Аталған агенттік соңғы екі жылда жұрт күтпеген нәтижелерді ұсынуда. Сарапшылар қымбат қалалар тізімінің өзгеруіне коронавирус індеті әсер етті дегенді айтады.
Пікір • 06 Желтоқсан, 2021
«Уақытша отбасы» жақсы-ау, бірақ...
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев былтырғы «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Жолдауында: «Балаларымыз қай жерде тұрса да, қандай тілде оқыса да сапалы білім алуы керек», деп, ел болашағы – жас ұрпақ тағдырына жанашырлықпен көңіл бөлді. Осы орайда, әсіресе, демографиялық ахуалы мәз емес өңірлердің шалғай түкпірлерінде орналасқан, келешегі күңгірт шағын ауылдардағы шәкірттерге сапалы білім беру мәселесі ойландырмай қоймайды.
Өнер • 06 Желтоқсан, 2021
Паганини, сенің не сиқырың бар осы?.. Жын иектеп кеткендей сахнада еркінен тыс елегізіп, бақсыдай аласұрған өнер иесінің өмірі бал мен удың қосындысындай еді. Бірақ оны ешкім білмеді. Оның жалынды темпераменті және көз ілеспес жылдамдығы залда отырған көрерменді өртеп жіберердей ыстық болатын. Содан да болар, оны жұрт «XIX ғасырдың долы бораны» санады.