Аймақтар • 06 Желтоқсан, 2021
Алматының дамуы әртараптандырылады
Аlmaty Investment Forum-2021 қаланы дамыту, агломерация, урбандалу және цифрлы трансформацияның басым бағыттары мен құралдарын талқылауға басымдық берді. Жиында белгілі болғандай, енді Алматы экономикасы «мега-қала», «поли-сити» және «метро-қала» айналасында дамиды.
Қоғам • 06 Желтоқсан, 2021
Құрылыс компаниялары Отбасы банк салымшыларына 3 млн теңгеге дейін жеңілдік жасады
Жуырда Шымкенттегі «Көрме орталығында» Отбасы банкінің қалалық филиалы ұйымдастырған жылжымайтын мүлік жәрмеңкесі өтті. Аталған іс-шараға құрылыс компаниялары, банк кеңесшілері мен жергілікті әкімдік өкілдері қатысты. Жәрмеңке барысында келушілер тұрғын үйлерді салыстырып, таңдап, тұрғын үй құрылысын салушы компанияның өзінен тікелей жеңілдіктер алды.
Бокс • 06 Желтоқсан, 2021
Ел боксының жай-күйі талқыланды
Қазақстан Премьер-Министрі Асқар Мамин Халықаралық Бокс федереациясының президенті (AIBA) Умар Кремлёв пен Қазақстан бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышевпен кездесті.
Елбасы • 06 Желтоқсан, 2021
Көп ұзамай ең қасиетті құндылығымыз – ел тәуелсіздігінің торқалы тойын атап өтеміз. Осыдан отыз жыл бұрын біз саналы түрде, өз дүниетанымымыз бен болмысымыздың негізі ретінде бостандық пен азаттыққа таңдау жасадық. Бүгінге дейінгі бұл мерзім адамзат тарихы үшін қас-қағым ғана сәт болғанымен, орда бұзар жасқа енді толған тәуелсіз Қазақстан үшін ол – үлкен белес, асқаралы асу.
Парламент • 05 Желтоқсан, 2021
Ауыл шаруашылығын дамыту – маңызды міндет
Сенатта «Ауыл шаруашылығын дамытудың өзекті мәселелері мен перспективалары» тақырыбы бойынша парламенттік тыңдау болды. Салалық комитеттің депутаттары парламенттік тыңдауға дайындық барысында бірқатар шаралар өткізіп, өзекті мәселелерді талқылады.