Руханият • 05 Желтоқсан, 2021
Ықылым замандардан бері Алатаудың арғы-бергі жағын қатар жайлаған қазақ пен қырғызға ортақ «Қосылғанның – қолы ұзын, қос түйенің – жолы ұзын» дейтін тәмсіл бар. Тарихы да, тағдыры да, танымы да ұқсас осы екі ұлтқа ортақ дүние аз емес.
Руханият • 05 Желтоқсан, 2021
«Жамбыл жырау» – ұлттық операның рухани олжасы
Биыл 26 ақпанында Нұр-Сұлтан қаласында бастау алған Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы Алматы қаласындағы Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының сахнасында өз мәресіне жетті. Мемлекеттік лауазымды тұлғалар, Қырғыз Республикасының жоғары мәртебелі делегациясы, мәдениет және өнер қайраткерлері, зиялы қауым, ақын ұрпақтары, Алматы қаласының тұрғындары қатысқан салтанатты жиын Қазақстанның Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың Жамбыл жылында атқарылған шараларды жан-жақты қорытындылауға бағытталған баяндамасымен ашылды.
Әдебиет • 05 Желтоқсан, 2021
Жан – Алладан, ми – адамдыкі болғанымен, жүрек – иттікі. Не адам емес, не ит емес – бірдеңе. Қалай өмір сүрсе болады? Оны өзі де білмейді. Ақылы сау, есі түзу адам жасаған эксперимент осыған әкелсе не істей аласыз? Мүмкін бұл автордың жасап отырған кейіпкері сол кездегі саяси жүйе не тұтас қоғамның өзі ме екен?
Әдебиет • 05 Желтоқсан, 2021
Оның аппақ сақалы Санта Клаустың сақалына ұқсайды. Ол Дүниежүзілік екі бірдей ұлы соғысты көріп, қан майданда қалам ұстаған жазушы. Шығармасын кейде сау, кейде мас күйінде жазды. Бірақ бірде-бір туындысында оқырманын жалықтырған емес. Қалам мен қаруды серік еткен ол Танзанияда аңшылыққа шығып, мүйізтұмсықтарды аулады. Былғары қолғап киіп, бокс өнерімен айналысты. Тағдыр оны бірнеше ұшақ апатынан аман алып қалды. Ең маңыздысы, ол өлмес шығармалар жазып, адамзат тарихындағы ең керемет жазушыға айналды. Оның аты – Эрнест Хемингуэй. Оның тарпаң тағдыры әртүрлі қиындықтарға мойымай, соны жеңумен күресе алды. Бір сөзбен айтқанда, Эрнесттің қаламы оның өзінің мінезі сияқты тентек, ойы ол кезген ұлан-ғайыр алқапқа ұқсас ұшы-қиырсыз болды.
Аймақтар • 05 Желтоқсан, 2021
Автоөнеркәсіп аймақты алға сүйреп тұр
Жыл қорытындысы бойынша Қостанай облысының жалпы өңірлік өнімінің өсімі 2-3 пайыз шегінде болады деп күтілуде. Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингке қатысып, аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндаған облыс әкімі Архимед Мұхамбетов осылай деді.