Аймақтар • 05 Желтоқсан, 2021
Балаға инвестиция салу – өркениет белгісі
Жетпіс жылға жуық уақыт бұрын БҰҰ Бала құқықтары туралы декларацияны қабылдады. Арада 30 жыл өте Бала құқықтары туралы конвенция қабылданып, 1990 жылдан бастап Дүниежүзілік балаларды қорғау күні ресми түрде атала бастады.
Экономика • 05 Желтоқсан, 2021
Валютаға сұраныс артқанда, интервенция жүргізіледі
Қазақстанның валюта нарығы сыртқы нарықтардағы жағдайдың нашарлауы себепті шетел валютасына сұраныстың өсу кезеңін бастан өткеріп отыр. Биржалық валюталық сауда-саттықта жыл басынан бергі мәмілелердің ең жоғары көлемі тіркелді, теңге бағамы бір доллар үшін 436 теңге деңгейіне дейін әлсіреді. Бұған не себеп болды?
Ауыр атлетика • 05 Желтоқсан, 2021
Толағайлар Ташкентте тоқайласады
7-17 желтоқсан аралығында Өзбекстанның астанасы – Ташкентте ауыр атлетикадан әлем чемпионатының жалауы желбірейді. Жер-жаһанның әр қиырынан жиналған мықтылардың жарысында ерлер мен әйелдерді қоса алғанда, 20 салмақ дәрежесі бойынша түрлі-түсті медальдар сарапқа салынады. Аталған додада Қазақ елі намысын бес спортшы қорғайды. Олар – Арли Чонтей (55 кило), Нұрғиса Әділетұлы (96 кило), Артем Антропов (96 кило), Карина Құзғанбаева.
Руханият • 05 Желтоқсан, 2021
1999 жылы «Арыс» баспасынан Ғарифолла Әнестің жауапты редакторлығымен шыққан Ә.Кекілбаевтың «Дүние ғапыл. Өлеңдер мен драма» кітабындағы оның ақындық қырымен қатар, әр жылдардағы жазылған осы өлеңдер жинағының «Таңғы кәлимадан» басталып, «Түнгі кәлимамен» аяқталатындығына көңіл аударғым келеді. Осылайша кемеңгер Әбіш Кекілбайұлы адамның өмірге келуі мен өмірден о дүниеге кетуін «таң мен түнге» теңеп, 60 жасқа толар алдындағы өзінің ойын түгендеп, қорытқанға ұқсайды.
Коронавирус • 05 Желтоқсан, 2021
Тбилисиде бірнеше мың адам наразылық акциясына шықты
Тбилисиде бірнеше мың адам «ковид төлқұжат» туралы жаңа жүйеге қарсылық ретінде наразылық акциясына шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.