Әдебиет • 03 Желтоқсан, 2021
Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев жеке кітапханасын сонау 60-жылдарда – студент кезінен жинай бастапты. Қазіргі таңда Елбасының жеке кітапханасының кітапхана қорында 35 мыңнан астам басылым бар. Нұрсұлтан Назарбаев Абай мен Шәкәрімді, Мұхтар Әуезовті, Сәкен Сейфуллинді, Ілияс Есенберлинді, Фариза Оңғарсынованы, шетел әдебиетінен Лев Толстой мен Антон Чеховты, Достоевскийді, Борис Акунинді, Шекспир және Стендальді, Конан Дойлды, Оливер Стоун жазған «Американың белгісіз тарихы», Франклин Рузвельттің «Камин жанындағы кездесуін» және т.б. көптеген кітаптарды оқыған.
Елбасы • 03 Желтоқсан, 2021
Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы музейінде Елбасының жеке топтамасындағы жәдігерлер, мемлекет басшылары мен олардың ресми өкілдерінің сыйлықтары, өнер туындылары және мәні зор тарихи құндылықтар жинақталған. Біз осы жолы музейдің «Даңқ» галереясындағы экспозициясын сөйлетсек дейміз. Онда Тұңғыш Президентіміздің жетекшілігімен жүзеге асқан Қазақстанның жаһандық саясатының дәлелдері жинақталып, 50-ден аса қоғамдық және жоғарғы мемлекеттік награда орналасқан.
Экономика • 03 Желтоқсан, 2021
Даму динамикасында оң серпін байқалады
Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауының орындалу барысымен және 2021 жылдың 10 айындағы облыстың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы баяндады.
Қазақстан • 03 Желтоқсан, 2021
ЭКСПО-2020: Қазақстанның ұлттық күні аталып өтті
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапармен барып, EXPO 2020 Dubai дүниежүзілік көрмесінде Қазақстанның ұлттық күні аясындағы іс-шараларға қатысты.
Ауыл • 02 Желтоқсан, 2021
Ауылға қатысты мәселе алдымен ауылда талқыланса...
Таяуда ашық НҚА (нормативтік-құқықтық актілер) порталына Ауыл шаруашылығы министрлігі әзірлеген «Жеке қосалқы шаруашылықтар туралы» Қазақстан Республикасы заңының жобасына тұжырымдама жобасы» деген құжат салынды. Бірден айтайық, жобаның ауылдағы әрбір отбасына, олардың әлеуметтік көңіл күйіне тікелей әсер ететін шетін тұстары бар және бұл мәселелер шаруалардың айтарлықтай алаңдаушылығын тудырып отыр.