Бизнес • 25 Ақпан, 2022
Жылдың үздік инновациялық стартабы атанды
Ernst & Young компаниясы ірі халықаралық Entrepreneur of the Year («Жыл кәсіпкері») байқауын қорытындылады. Cerebra.ai Ltd «Инновациялық стартап» номинациясына ие болды.
Қоғам • 25 Ақпан, 2022
Мемлекеттік қызметтер ақысын QR арқылы төледі
Былтыр «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Kaspi және Halyq Bank-пен бірлесіп, ХҚО-ларда мемлекеттік бажды QR көмегімен төлеу сервисін енгізді. Бір жыл ішінде қазақстандықтар QR кодты 700 мыңнан астам рет сұратып, 2,8 млрд теңгеден астам сомаға төлем жасаған.
Медицина • 25 Ақпан, 2022
Аритмология орталығындағы алғашқы операция
Алматыдағы «Орталық клиникалық ауруханасы» АҚ-да аритмология орталығы ашылды. Айта кету керек, жаңа орталықта аритмияға жасалатын күрделі операциялар қымбат тұрады. Шамамен мұндай отаға 5 миллион теңгедей қаржы қажет. Дегенмен дәрігерлер бұл отаны МӘМС арқылы тегін жасатуға болатынын айтады. Сонымен қатар ОКА-да алғаш рет паркинсонға да ота жасалды. Бұл – аталған кеселге Алматыда жасалған алғашқы операция. Ондай операциялар бұрын елорда мен Қарағанды қаласында ғана жасалатын еді.
Медицина • 25 Ақпан, 2022
Туберкулезге шалдыққандар 2,3 есеге төмендеген
Қазақстан туберкулез дертінің айтарлықтай төмендеу қарқынын көрсетіп отыр. Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының директоры Мәлік Әденовтің мәліметінше, Қазақстанда туберкулезге шалдыққандар көрсеткіші соңғы 10 жылда 2,3 есеге төмендесе, өлім-жітім 4,1 есеге азайған. Сонымен қатар профилактикалық тексерулердің нәтижесінде, 0-ден 17 жасқа дейінгі балалардың аурушаңдығы төмендеді.
Қазақстан • 25 Ақпан, 2022
Ғұмырымның 30 жылы шекаралық ауданда өтті. Содан да болар, еліміздегі бұқаралық ақпарат құралдарында Шығыс Қазақстан облысының шекара аудандарының ахуалы туралы мақалалар жарық көрісімен «күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырылып», қолыма қалам алып отырмын.