Пікір • 04 Ақпан, 2025
Салық кодексіндегі өзгерістер – жай ғана реформа емес, мемлекет пен бизнес арасындағы «қоғамдық шарт» парадигмасының ауысуы. Жаңа Салық кодексі тежегіш емес, кәсіпкерлікті дамыту үшін ынталандыру болуы керек. Еңбекақы төлеу қорына түсетін жүктемені азайтып қана қоймай, азаматтар үшін шегерімдер институтын белсенді енгізу түріндегі өтемақы тетіктерін де ойластыру өте маңызды. Бұл салықтарды төлеу мәдениетін ынталандырып қана қоймай, сонымен қатар қаржылық-әлеуметтік қолдау көрсетеді.
Пікір • 04 Ақпан, 2025
Ауылға бағытталған оң көзқарас
Кеңейтілген отырыста Мемлекет басшысы ауылды дамыту мәселесіне ерекше назар аударып, бұл жұмыс әрі қарай жалғасатынын айтты. Сонымен қатар Президент кейінгі кезде қабылданған іс-шараларға да тоқталып өтті. Барлық бастамалардың бір бағдарлама аясында біріктірілгені дұрыс шешім болғанын атап өтті.
Саясат • 04 Ақпан, 2025
Қорғаныс саласындағы цифрлық бастамалар
Қорғаныс министрлігі Алматыда «Industrial AI: жаңа дәуірге арналған технологиялар» ұранымен басталған «Digital Almaty 2025» VII Халықаралық цифрлық форумында қорғаныс және қауіпсіздік саласындағы заманауи цифрлық бастамаларды таныстырды.
Қысқы спорт • 04 Ақпан, 2025
Қысқы Азия ойындары: Бүгін кімдер жүлдеге таласады?
Қытайдың Харбин қаласында ІХ қысқы Азия ойындарында топтық, жұптық сындар басталды, деп жазады Egemen.kz.
Пікір • 04 Ақпан, 2025
Электр желілерін нығайту маңызды
Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында еліміздің былтырғы дамуының қорытындылары шығарылып, жақын арада шешуді қажет ететін негізгі міндеттер айқындалды. Расында, бұл ел Президентінің негізгі баяндамасы болды. Күн тәртібіндегі өзекті тақырыптар назардан тыс қалмады.