Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Облыс орталығындағы ең жас кәсіпкер – 12 жаста. Әйтсе де, сөзі мен ісі құдды ес біліп, етек жапқан ересек адамдай. Ой-толғамы да, ұстанымы да. Тірнектеп тапқан қаражатын қарақан басына жаратпай, қайырымдылыққа жұмсайды, анығырақ айтқанда, маймақ дертіне шалдыққан балаларға ортопедиялық аяқ киім мен басқа да қажетті заттар сатып әпереді.
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
Тұрғын үйлерді басқару тығырыққа неге тірелді?
ПИК жұмысына тұрғындардың көңілі толған емес. Шағым көп. Ашықтық аз. Сондықтан мемлекет соры қалың осы бір салаға реформа жүргізуді жөн көрді. Арнайы заң қабылданды. Ережелер бекітілді. Біраз шаруа да тындырылғандай. «ПИК-тің құрығынан құтыламыз» деп бұқара да қуанды. Бірақ...
Қазақстан • 26 Ақпан, 2021
Ғұлама ғалым, көрнекті қайраткер
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің 1970-1986 жылдардағы ректоры, Инженерлік академияның және механика-математика институтының негізін қалаған мемлекет және қоғам қайраткері Өмірбек Жолдасбеков жайлы сөз қозғағанда көз көргендер мен үзеңгілестері ең әуелі оның еңбекқорлығын алға тартып, «істің адамы еді» дейді. Бүгінде 90 жылдық мерейтойы аталып өтіп отырған, халқына қалтқысыз қызмет еткен көрнекті академиктің Қазақстан ғылымы мен біліміне, ұрпақ тәрбиесі мен ұлт болашағына сіңірген зор үлесін атап өтіп, төрткүл дүниені түгел мойындатқан ғылыми жетістіктерін мақтан етеді.
Парламент • 26 Ақпан, 2021
Шетелдерде жазасын өтеп жатқан отандастарымыз елге қайтарылады
Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен өткен палатаның жалпы отырысында депутаттар Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына, Қазақстан Республикасы мен Моңғолия арасындағы азаматтық және қылмыстық істер жөніндегі өзара көмек туралы, Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасының арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шартқа қатысты заң жобаларын қабылдады.
Қазақстан • 26 Ақпан, 2021
70 млн тонна мұнай экспортталды
Қазақстандық мұнай экспортының 75%-ы «Каспий Құбыр Консорциумы» магистралдық мұнай құбыры арқылы жеткізілді. Бұл туралы «ҚазМұнайГаз» АҚ басқарма төрағасының мұнай тасымалдау жөніндегі орынбасары Данияр Берлібаев хабарлады.