Өшпес даңқ • 11 Наурыз, 2026
Жетісу облысында құтқарушы қызмет барысында ерлікпен қаза тапты
Жетісу облысында құтқару жұмыстары кезінде Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкері қызметтік борышын атқару барысында қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 11 Наурыз, 2026
Ирандағы соғыста 150 америкалық әскери жараланды
АҚШ пен Иранның он күннен бері жалғасып жатқан соғыста 150-ге жуық америкалық әскери жараланған. Бұл туралы Reuters агенттігі жариялады. Бұған дейін Пентагон тек 8 адам ауыр жарақат алғанын ғана ресми түрде жариялаған еді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шаруашылық • 11 Наурыз, 2026
Фермерлер 2025 жылы бұршақ дақылдарының рекордтық өнімін жинады
Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, жалпы өнім көлемі 998,4 мың тоннаны құрады, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 1,5 есе көп. Соңғы бес жылда бұршақ дақылдарының жалпы жинағы 5,5 есе өскен. Мұндай қарқынды өсім нарықтағы сұраныстың артқанын, жаңа технологиялардың енгізілгенін және егістік алқаптарының кеңейгенін көрсетеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 11 Наурыз, 2026
Павлодар облысында киберполицейлер зейнеткердің 5 млн теңгесін алаяқтардан сақтап қалды
Павлодар қаласында зейнеткерге жасалған телефон арқылы алаяқтық әрекетінің жолы кесілді. Белгісіз біреулер зейнеткер әйелге қоңырау шалып, өздерін домофон қызметінің қызметкерлері ретінде таныстырып, құрылғыны ауыстыру үшін СМС-кодты хабарлау керегін айтқан. Зейнеткер кодты айтып қойған, алайда кейінгі қоңырауда алаяқтардың рұқсатсыз деректерге кіргендері анықталған, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 11 Наурыз, 2026
Оңтүстік Кореядағы ұшақ апаты болған әуежайдың құжаттарынан өрескел қате табылды
Оңтүстік Кореяның көлік министрлігі 20 жылдан астам уақыт бойы әуежай құрылысы кезінде шығынды қысқарту мақсатында қауіпсіздік талаптарын бұзып келген. Мұндай қорытындыны елдің Мемлекеттік аудит басқармасы авиациялық қауіпсіздік басқаруына арналған есебінде жариялады. Тексеру 2024 жылдың желтоқсанында болған ірі ұшақ апатынан кейін жүргізілген, деп хабарлайды Egemen.kz.