Парламент • 30 Наурыз, 2017
Екі заң жобасы мақұлданып, біреуі жұмысқа қабылданды
Кеше Парламент Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің жетекшілік етуімен палатаның жалпы отырысы өтті. Онда депутаттар конституциялық реформаға қатысты заң жобаларын жұмысқа қабылдаумен қатар, халықаралық деңгейдегі кейбір заң жобаларын қызу талқылады. Соның бірі – «Халықаралық жеке құқық жөніндегі Гаага конференциясының Жарғысын ратификациялау туралы» заң жобасы болды.
Үкімет • 30 Наурыз, 2017
Өндірістік өңірдегі өрелі істер
Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев кеше Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді.
Аймақтар • 30 Наурыз, 2017
Үкімет басшысы Ақтөбе облысына келді
Кеше кешкісін Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев жұмыс бабындағы сапармен Ақтөбе облысына келді. Бүгінгі күні аймақта Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес азық-түлік қауіпсіздігін сақтаудың кең ауқымды шаралары жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, кейінгі кезде мұнда суармалы алқаптардың көлемі ұлғайып, бүгінгі заманғы жылыжай шаруашылығы өркендеп келеді.
Бизнес • 30 Наурыз, 2017
Солтүстік Қазақстан – ежелден ірі астықты өңірлердің бірі. Еліміздегі астықтың үштен біріне жуығы өндіріледі.
Мемлекеттік тілді білмейтін баспасөз хатшысы неге керек?
Ұлы Тұран өлкесінің бүтін жері 5,5 млн шаршы километр десек, соның 3 миллионына ие болып отырған Қазақ елі қазір кемел шағында. Былтыр ғана ширек ғасырлық мерекені атап өттік. Бұл мерейімізді өсірді, абыройымызды арттырды. Тәуелсіздік берген, аңсап жеткен азаттықтың бақ пен бақытын түсіндік.