Ауа райы • 30 Наурыз, 2024
Жаңбыр қашан тоқтайды? Синоптиктер ауа райы болжамын ұсынды
Елдің қармен жабылған аумағы 36%-ды құрайды. Синоптикалық болжамға сәйкес, 30 наурыз - 5 сәуір аралығында Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 30 Наурыз, 2024
Қостанай облысының 26 ауылында электр жүйесі қалпына келтірілді
Оңтүстік өңірлерде су тасқыны салдарын жою жөніндегі облыстық жедел штабтың жұмысы жалғасып, барлық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп тұр. Облыс әкімі мен жұмыс комиссиясы тәулік бойы жергілікті жерлерде жағдайды бақылап, барлық жұмылдырылған құрылымдардың іс-қимылын үйлестіріп отыр.
Аймақтар • 30 Наурыз, 2024
Ұлытау өңіріндегі су тасқыны наурыздың 25-нен бастап күрделене бастады. Облыс аумағында автожолдардың шайылуының 2 фактісі, су тасуының 11 фактісі тіркелді. Қазірге дейін 66 тұрғын үй (Жаңаарқа ауданы – 38, Ұлытау ауданы – 28), 7 аула (Жаңаарқа ауданы), 9 қыстақ (Ұлытау ауданы – 6, Жаңаарқа ауданы – 3) су астында қалды. 135 адам, оның ішінде 61 бала эвакуацияланды. 349 бас сиыр, 858 бас қой-ешкі және 17 бас жылқы қауіпсіз жерге шығарылды.
Қоғам • 30 Наурыз, 2024
Су тасқыны: Полиция қызметкерлері БҚО тұрғындарына көмектесіп жатыр
Батыс Қазақстан облысында полиция қызметкерлері көктемгі су тасқынынан зардап шеккен аудан тұрғындарына көмек беру жұмыстарын жалғастырып жатыр. Орал қаласына және облыстың 4 ауданында көктемгі су тасқынына байланысты жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланғанын бұдан бұрын хабарлаған едік.
Аймақтар • 30 Наурыз, 2024
Роман Скляр Батыс Қазақстан облысында: «Үкімет тарапынан барлық көмек көрсетіледі»
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Батыс Қазақстан облысындағы су тасқыны болған аумақтарды көрді.