Аймақтар • 04 Наурыз, 2026
Қарағанды облысында жаңа Конституция жобасы Брайль қарпімен басылып шықты
Қарағанды облысында жаңа Конституцияның жобасы Брайль қарпімен жарық көріп, көпшілік назарына ұсынылды. Ерекше басылым облыстық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханада таныстырылды. Жоба облыс әкімдігінің қолдауымен жүзеге асып, ақпаратқа тең қолжетімділікті қамтамасыз ету бағытындағы маңызды қадамға айналды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 04 Наурыз, 2026
Ормұз бұғазындағы шектеулер отандық ауыл шаруашылығына қалай есер етеді?
Әлемде география саясаттан да, экономикадан да ықпалды болатын жағдай кездеседі. Соның бір айғағы – Ормұз бұғазы. Бұл тар теңіз өткелі жай ғана көлік дәлізі емес. Мұнда энергия, химия өнеркәсібі және ауыл шаруашылығы тізбектері түйіседі. Сондықтан Ормұздағы кез келген тұрақсыздық тек мұнай бағасын ғана емес, тыңайтқыш пен азық-түлік құнын да бірге қозғай алады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 04 Наурыз, 2026
Тегін тамақтандыру: Мектептер онлайнға көшкенде кәсіпкерлердің шығынын кім өтейді?
Мәжіліс депутаты, «Respublica» партиясы фракциясының өкілі Екатерина Смолякова мектептердегі тегін ыстық тамақты ұйымдастыру кезінде бюджет қаражатын жоспарлау мәселесін көтеріп, Премьер-Министр Олжас Бектеновтің атына депутаттық сауал жолдады. Талдау нәтижесі бірқатар өңірде қаржыны нақты қажеттіліктен артық жоспарлау фактілері бар екенін көрсеткен, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 04 Наурыз, 2026
Президент бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады
Ақордада Қазақстан Президентіне сегіз мемлекеттің төтенше және өкілетті елшілерінің сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елорда • 04 Наурыз, 2026
8 наурыз қарсаңында арзан бағада азық-түлікті қайдан сатып алуға болады?
Халықаралық әйелдер күніне орай, 7 және 8 наурыз күндері елордада азық-түлік жәрмеңкесі өтіп, Қазақстанның әр өңірінен келген жергілікті фермерлер мен өндірушілердің өнімдері ұсынылады, деп хабарлайды Egemen.kz.