Сауда • 04 Наурыз, 2026
Ирандағы жағдай сауда қатынастарына қалай әсер етеді?
Былтыр еліміз Иранға бидай экспорттау жұмыстарын табысты аяқтаған болатын. Ал Ирандағы геосаяси жағдай сауда қатынастарына әсер етуі мүмкін. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин айтты, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 04 Наурыз, 2026
Азық-түлік неге қымбаттап жатыр? Серік Жұманғарин баға өсімінің себептерін атады
Қазақстанда азық-түлік бағасының өсуін тек қосылған құн салығының (ҚҚС) көтерілуімен байланыстыру дұрыс емес. Бағаға бірқатар ішкі және сыртқы фактор әсер етеді. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді. Министрдің айтуынша, еліміз әлі барлық азық-түлік түрімен өзін толық қамтамасыз ете алмай отыр. Әлеуметтік маңызы бар өнімдер бойынша өзін-өзі қамту деңгейі 70-90% шамасында болғанымен, кей тауарлар сырттан импортталады, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 04 Наурыз, 2026
Найджел Джеймс Дастан Сәтпаевтың жеке тәлімгері атанды
«Nigel James Elite Coaching» ағылшын футбол академиясының негізін қалаушылардың бірі Найджел Джеймс Қазақстан құрамасының 17 жастағы шабуылшысы Дастан Сәтпаевтың жеке тәлімгері атанды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 04 Наурыз, 2026
Иран төңірегіндегі шиеленіс: Мұнай бағасы ай басынан бері шамамен 24%-ға өсті
Иран төңірегіндегі қақтығыстың өршуі салдарынан мұнай бағасы барреліне 83,7 долларға жетті. Айдың басынан бері шамамен 24%-ға жуық өсті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 04 Наурыз, 2026
Астанада мереке күндері ауа райы құбылмалы болады
Астанада наурыздың алғашқы күндері ауа райы суық әрі желді болады. Синоптиктердің болжамынша, күндіз нөл градусқа дейін жылынғанымен, түнде аяз −10 °C-қа дейін қайта күшеймек, деп хабарлайды Egemen.kz.