Хоккей • 30 Наурыз, 2022
«Барыс» маусымды қорытындылады
Шайбалы хоккейден Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) биыл 14-ші маусымын өткізген елорданың «Барысы» Гагарин кубогы жолындағы плей-офф кезеңінің алғашқы раундында сүрініп, жарысты ерте аяқтауға мәжбүр болды. Қатарынан үш жыл плей-оффтың алғашқы кезеңінде Магнитогорскінің «Металлург» клубымен күш сынасып, кейінгі екі жылында сәтсіздікке ұшырады. 2019/20 жылғы маусымда екі клуб арасындағы бәсекеде «Барыстың» мерейі үстем болғанымен, қазақстандық ұжым коронавирус пандемиясына байланысты жарысты жалғастырудан бас тартқан еді.
Әдебиет • 30 Наурыз, 2022
Әдебиетте белгілі бір жастар тобының әдеби салонның, журналдың, газеттің, әдеби тұлғаның, клубтың төңірегіне топтасу дәстүрі әу бастан бар. Әдетте оларды нақты бір идея біріктіреді. Сол идея ағымдар мен мектептерді қалыптастырады. Бізде оның бірнеше жарқын үлгілері бар. Абай айналасы, Жамбылдың ақындық ортасы. Қасымның төңірегі, Мұқағалидың маңайы, Жұматайдың қағанаты.
Абай • 30 Наурыз, 2022
«Білімдіден аяман сөздің майын, Алты өлеңмен білдірдім әннің жайын» деп кесіп айтады хакім Абай. Ақын қазақ әні мен өлеңі қалай өрістеуі керек деген мақсатта нақты жұмыс істеп, оған өзі бастап кіріскенін байқау қиын емес. 2016 жылы «Жалын» баспасынан шыққан Абай шығармаларының екі томдық толық жинағын сүзіп шыққанда, сол алты өлеңін түгендеген болдық.
Қазақстан • 30 Наурыз, 2022
Еңбегімен ел құрметіне бөленген
Ондай адамдар көп қой десек те, Солтүстік Қазақстан облысының бүгінгі абызы Жақсылық Ысқақовтың елге сіңірген еңбегі тіпті айрықша. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында: «Адал еңбек, озық білім және үздік тәжірибе әрдайым жоғары бағаланады», деп атап айтты. Осы қасиеттердің бәрі де Жәкеңнің бойынан табылады. Солтүстік Қазақстан облысындағы қазіргі Қызылжар мен Тимирязев аудандарын ашып, өз қолымен қадасын қағып, одан Шал ақынның бір кезде облыстағы ең үздік аудан болуына өлшеусіз үлес қосқан Жәкең 10 жыл бойы облыстық атқару комитеті төрағасының бірінші орынбасары болып, ауыл шаруашылығының өсуі мен өркендеуін жоғары деңгейге көтере білген жан. Кеудесіне Кеңестің Ленин орденінен бастап 5 орденді қадауы сол еңбектерінің өтеуі.
Аймақтар • 30 Наурыз, 2022
Түркістан қаласындағы «Ұлы дала елі» орталығында Қазақстан Журналистер, Жазушылар одақтарының облыстық филиалдары және облыстық мәдениет басқармасының бірлесе ұйымдастыруымен жазушы-журналист Сәкен Сыбанбайдың «Ғаламтордағы махаббат» атты жаңа кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.