Руханият • 30 Наурыз, 2022
Көркемөнерде сезім мен ой рояльдің тіліндей жымдасып, қобыздың қос пернесіндей бір-бірімен жұптасып, жүрек қантамырын қозғамаса есігін тарс жауып алады. Қалай қақсаңыз да ол қақпа оңайлықпен ашылмайды. Онда жаныңызды сатқындықтан, опасыздықтан, жалғыздықтан тазартатын энергия бар. Егер адам жүрегімен тілдескіңіз келсе, музыка тыңдаңыз! Әннің де өз тілі, өз тағдыр-сүрлеуі болады.
Руханият • 30 Наурыз, 2022
Кез келген өнер иесінің соңынан әуелі аңыз ереді. Жалғыз өнер иесінің ғана емес, кез келген туындының аңызы қоса жүреді. Егер аңызы не әңгімесі болмаса, өзін тыңдап не тамашалап қоя салған қызық емес сияқты. Көңіліңе қонған ән-күйге құмарың қанбай қалады, себебі. Тағы да тыңдап, тағы да қызықтап, құмардан шыққың келіп тұрады. Сосын ол туралы деректерді іздестіре бастайсың.
Өнер • 30 Наурыз, 2022
Адам бойындағы рухты оятатын музыкалық туындылар болады. Бірақ олар өте сирек. Сирек болса да бар, соның бірі – «Атамекен» әні. Осы әнді тыңдағанда бойыңызды ғажап бір күш билеп, ерекше сезімді бастан кешесіз. Алпыс екі тамырыңызда қан жүгіріп өткендей болады. Оны терең түсіну үшін тек қазақ болып туу керек шығар. Бұл – әсіре қызыл сөз емес, шыны сол. Екі қазақтың бірі шырқай жөнелетін тамаша туындының сөзін аса көрнекті ақын Қадыр Мырза Әлі, сазын белгілі композитор Ескендір Хасанғалиев жазған.
Елорда • 30 Наурыз, 2022
Астанадағы алғашқы Наурыз тойы
Кер кезеңмен бірге әбден сүрлеуден өткен сыралғы салт-дәстүрімізге кеңес идеологиясы қанша қолбайлау болғанымен қазақ халқы Ұлыстың ұлы күнін ерекше махаббатпен қарсы алды. Әсіресе, астана жұрты. Қала архивіне үңілсеңіз, еңбектеген сәбиден еңкейген қартқа дейін Наурыз мейрамына қатысып, мерейлі мерекені нақышына келтіре өткізгені жазылады. Біздің қолымызға түскен құнды құжаттар солай сөйлейді.
Қоғам • 30 Наурыз, 2022
Қазақ халқы бертінге дейін дәстүрлі ай санау тәсілін қолданып келді. Ол үшін ең алдымен айдың тууын қадағалайтын. Егер де жаңа туған айдың қос қиығы төмен қарай шаншылып, сауыры төңкеріліп туса «ай төңкерілді» дейді. Төңкерілген ай – малға жайлы, адамға қолайлы болады деп есептеп, алыс сапарға шығу, мал отарлату сияқты маңызды істерді жоспарлайды.