«Теңізшевройлдағы» жергілікті мамандар саны 83 пайыздан асты
Алдағы күндері сәуірдің алғашқы лебімен «Теңізшевройл» ЖШС Қазақстандағы ширек ғасырлық қызметін атап өтеді. Осы аралықта Атырау өңірінің түлеуіне ТШО аз үлес қосқан жоқ. Аймақтың ажары кірді. Мұнайдың күші жергілікті халықтың әлеуметтік өміріне көп өзгеріс әкелді. Сондай-ақ ТШО өзінің күміс тойына жаңа рекордтармен жетті.
Әлем • 29 Наурыз, 2018
Ауған мәселесі Ташкентте талқыланды
Қазақстан Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыру бойынша халықаралық күш-жігерді қолдайды және мүдделі тараптарды бейбіт келіссөздерді тез арада бастауға шақырады. Бұл туралы Қазақстан Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Ташкентте Өзбекстан үкіметінің бастамасымен ұйымдастырылған «Бейбітшілік үдерісі, қауіпсіздік және өңірлік өзара іс-қимыл саласындағы ынтымақтастық» атты жоғары деңгейдегі конференция барысында мәлімдеді. Конференцияны Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев пен Ауғанстан Президенті Мохаммад Ашраф Гани ашты.
Саясат • 29 Наурыз, 2018
Қытай мен Солтүстік Корея басшылары кездесті
Бірнеше күн бұрын Корей Халық Демократиялық Республикасының (КХДР) көсемі Ким Чен Ын көршілес Қытай елінде бейресми сапармен болып, ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен кездесті. Бұл Солтүстік Корея басшысының билікке келгеннен бергі алғашқы сапары болып отыр. Бір қызығы, Қытай тарапы Солтүстік Корея өкілдері өз еліне қайтқанша бұл ақпаратты құпия ұстады.
Әлем • 29 Наурыз, 2018
Тарих • 29 Наурыз, 2018
Қойбек би Мыңбасұлы туралы тың дерек табылды
Қойбек би Мыңбасұлы 1830 жылдары Меркі өңірінде туып, қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданы, Даубаба, кезінде Қойбек би деп аталған елді мекенде 1910 жылдары дүние салған. Есімі Жетісу, Әулиеата, Ташкент, Сырдария аймағына белгілі, ел басқарған беделді би болған. Заманында небір шиеленісіп ушыққан дау-дамай, талас-тартыс, жесір, жер, мал дауы, ұрлық-қарлық, зорлық-зомбылыққа байланысты насырға шапқан істер Қойбек бидің алдынан оң шешімін таппай қайтпайды екен. Қойбек би Мыңбасұлы жоңғар шапқыншылығына қарсы ұлт-азаттық күресіне белсене қатысқан.