Әлем • Кеше
Трамп Иран құрамасының Әлем чемпионатына қатысуын орынсыз деп бағалады
АҚШ президенті Дональд Трамп Иран футбол құрамасының алдағы Әлем чемпионатына қатысуын орынсыз деп бағалады. Биыл жазда өтетін турнир АҚШ, Канада және Мексикада ұйымдастырылады. Алайда Иран құрамасының жарысқа қатысатыны немесе қатыспайтыны жөнінде ФИФА тарапынан ресми шешім әлі жарияланбады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • Кеше
Абай университетінде әйелдер көшбасшылығы магистрлік бағдарламасы іске қосылады
Абай университеті еліміздегі әйелдер қауымының көшбасшылық әлеуетін арттыруға бағытталған бірегей бастаманы қолға алды. Университет қабырғасында «Саясат жобасы және әйелдер көшбасшылығы» білім беру бағдарламасы іске қосылмақ. Аталған бастама «Amanat» партиясының қолдауымен жүзеге асып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • Кеше
Ел экономикасына салынған инвестиция көлемі 22,7 трлн теңгеге жетті
2025 жылғы қорытынды бойынша еліміздегі негізгі капиталға салынған инвестиция 22,7 трлн теңгеге жетіп, 2024 жылмен салыстырғанда 13%-ға өсті (19,5 трлн теңге). Инвестициялық белсенділіктің өсуі экономиканың бірден бірнеше негізгі секторында тіркелді, деп жазады Egemen.kz.
Шаруашылық • Кеше
Ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу үлесі жыл соңына дейін 70%-ға жетеді
Елімізде ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу көлемі артып келеді. Үкіметтің мәліметінше, қолға алынған жаңа жобалар мен өндірістік қуаттарды ұлғайту есебінен жыл соңына қарай өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің үлесін 70%-ға дейін жеткізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • Кеше
Астанада автобус апаты неге жиіледі?
Астанада қоғамдық көліктер қала өмірінің маңызды бөлігіне жатады. Таксимен қатынауды қалтасы көтере бермейтін қарапайым халық үшін мыңдаған адамды діттеген жеріне жеткізетін автобустардың уақытылы жүріп тұруы ауадай қажет. Дегенмен соңғы жылдары жолақысы қолжетімді қоғамдық көліктегі қауіпсіздіктің сақталмауы елордалықтарды алаңдатып отыр. Бір жылда бірнеше рет тіркелген автобус апаттарының салдарынан зардап шегіп жатқан жолаушылар да жоқ емес. Автобус апатының жиілеу себебі неде? Egemen.kz тілшісі талдап көрді.