Саясат • 29 Наурыз, 2018
«Жас Отан» жастар қанатының кезекті IV Съезі басталды
Астанада «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» жастар қанатының кезекті IV Съезі басталды. Төрт жыл сайын өткізілетін шараға еліміздің барлық өңірінен 1500-ден аса делегат пен қонақтар келді. Жиынның алғашқы күнінде қатысушылар ғылым, білім, инновация, кәсіпкерлікті дамыту, цифрландыру және саламатты ұлт қалыптастыру ісіне қатысты өзекті мәселелер мен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы басым бағыттарды жүзеге асыру барысын кеңінен талқылады. Съездің ұраны – «Жаңа әлемге жол саламыз».
Саясат • 29 Наурыз, 2018
Оңтүстік өңір дотация көлемін кеміте ала ма?
Елбасы өткен жылдың басында «Халқы ең көп облыс бола тұра, ең көп дотацияны алатын – Оңтүстік Қазақстан. Ондай екінші облыс жоқ. 80 пайыз дотация аласыңдар. Салық жинауларың бұрынғыдан төмен. Жұмыссыздық мәселесі Оңтүстікте ең басты мәселелер қатарында. Оңтүстік Қазақстан облысында шағын және орта бизнес төмендеп жатыр немесе бір орында тұр», деген болатын Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевты қабылдаған кезде. Дәл осындай ескертуді Мемлекет басшысы былтыр сәуірдің аяғында Оңтүстікке келген сапарында тағы қайталады.
Экономика • 29 Наурыз, 2018
Адал асымыздың қадірін түсірмейік
Біз сияқты мегаполис тұрғындары үшін мәселенің үлкені – азық-түлік сапасы мен табиғи өнімдер екені айтпаса да түсінікті. Өз бақшасындағы балғын көкөністерді жемеген, жаңа сауылған сүтті ішпеген адамда қайбір денсаулық болсын. Сондықтан да ауыр көтеріп, ыстыққа күйіп, суыққа тоңып жатпаса да қалалықтарды кесел көбірек айналшықтайды.
Руханият • 29 Наурыз, 2018
Жуықта қазақтың небір қасқа-жайсаңдары бас қосқан дастарқанда болдық. Ас ішілді, аяқ босатылды. Кезек бата беру рәсіміне келіп тірелді. Төрде отырған танымал ғалым ағамыз қос алақанын айқара жайып алып, бата емес кедір-бұдыр жадағай тост айтып шықты. Кәдімгі шарап толы тостақ ұстап тұрып тойда айтатын тост. «Сіздің (той иесін айтады) жұмыстағы беделіңіз жоғары, әрдайым биіктен көріне беруіңізге тілектеспіз, осындай дастарқан басында бас қосайық!». Мынадай «батаға» не бет сипарымызды, не әумин дерімізді білмей салбырадық та қалдық.
Экономика • 29 Наурыз, 2018
Жаңа көпір тасқынға тосқын болса игі
2016 жылы облыс аумағында «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша Ертіс өзені арқылы «Орталық-Шығыс» автожол дәлізінің бір бөлігі саналатын алып көпір салынды. «ҚазАвтожол» АҚ-тың жергілікті филиалының мәліметінше, бұл жобаның құны – 53 млрд 808 миллион теңге. Көпірдің ұзындығы – 12,3 шақырым. Құрылысты «ҚазДорСтрой» ЖШС жүргізген-ді.