Театр • 28 Наурыз, 2025
Қуыршақ труппасының бел-белесі
Ұлытау өңірінде театр іргесі 1985 жылы Қуыршақ театрының құрылуымен қаланды. 1988 жылы Торғай облысының таратылуына байланысты Серке Қожамқұлов атындағы драма театр Жезқазған қаласына қоныс аударады.
Туризм • 28 Наурыз, 2025
Бурабай баурайында өткен IV Ұлттық құрылтайда ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өңірдегі туризм аясын кеңейту туралы айта келіп, «Облыстың орасан зор туристік әлеуеті Щучинск–Бурабай аумағымен ғана шектелмейді. Демалыс аймағы ретінде мүмкіндігі мол Зеренді, Сандықтау, Ақкөл және басқа да жерлерді жан-жақты дамыту қажет» деген болатын. Құнарлы өлкенің бар мүмкіндігін сарқа пайдалану міндеті жүктеліп отыр.
Байқау • 28 Наурыз, 2025
Облыста тұңғыш рет отбасы құндылығын насихаттаған, алтын құрсақты аналардың абыройын асқақтатқан «Алқалы ару» сайысы ұйымдастырылды. Байқауда отбасында да, қоғамда да өз орны бар өңірдегі көпбалалы аналар бақ сынады.
Ғалам ғажаптары • 28 Наурыз, 2025
2012 жылы италиялық «Коста Конкордия» круиздік лайнері су астындағы жартасқа соғылып, апатқа ұшыраған еді. Таңғаларлығы, сол сәтте кемедегі мейрамханада Селин Дионның «My Heart Will Go On» әні шырқалып жатқан екен. Ал бұл ән – атақты «Титаник» фильмінің басты саундтрегі.
Спорт • 28 Наурыз, 2025
Алматыдағы ADD аренада үстел теннисінен еліміздің чемпионаты аяқталды. Жарысқа 186 спортшы қатысты. Ерлердің жекелген сайысында Кирилл Герасименкоға тең келер ешкім табылмады. Финалда ол Алан Құрманғалиевті қапы қалдырса, Айдос Кенжеғұлов пен Санжар Жұбанов қола медальды иеленді. Сондай-ақ Герасименко жұптық және аралас жұптар бәсекесінде бас жүлдені олжалады. Әйелдер арасындағы жарыста Зәуреш Ақашева алтыннан алқа тақты. Жанерке Көшкімбаева күміс алса, Сарвиноз Мірқадырова мен Альбина Жақсылықова қола медальды еншіледі.