Спорт • Кеше
Таиланд астанасы — Бангкокте бокстан 19 жасқа дейінгі жастар арасында өтіп жатқан «Futures Cup» халықаралық турнирінде 50 кг салмақта сынға түскен Арман Мырсәбит түрікменстандық Абдрахим Овузгулиевті 1-раундта техникалық нокаутпен жеңді.
Кино • Кеше
«Ерекше» – қайсарлық хақындағы туынды
Кеше елордадағы «Kinopark» кинотеатрында «Ерекше» көркем фильмінің премьерасы өтті. Бұл картинада мұқалмас жігер мен шексіз мейірім туралы тағылымды оқиға баяндалады.
Саясат • Кеше
Мемлекет кемелдігінің өлшемі – заң мен ұрпақ алдындағы жауапкершілік
Кеше Тәуелсіздік сарайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының ІІІ республикалық форумына қатысып, сөз сөйледі. Президент бұл басқосудың еліміз үшін мән-маңызы айрықша екенін атап өтті. Жиында кешенді саяси, экономикалық реформаларды іске асырудағы, сондай-ақ мемлекетті басқару жүйесіндегі мәслихаттардың рөлі талқыланды.
Тағзым • Кеше
Алаш көшбасшысы Әлихан Бөкейханның 160 жылдығына орай Мәскеудегі Халық шаруашылығы жетістіктері көрмесіндегі Қазақстан павильонына ұлт қайраткерінің бюсті орнатылды.
Кино • Кеше
Алматыда әдебиет сыншысы, публицист, композитор Тұрсынжан Шапай туралы «qonyr media group» түсірген «Таудан түскен сәуле» атты деректі фильмнің көрсетілімі өтті. Туынды кейіпкер тағдыры арқылы туған жерге деген сағыныштың, ұлттық жады мен рухани тамырдың тереңдігін бейнелейді.