Сұхбат • 30 Наурыз, 2022
Айдар Махметов: «Әуесқой спортшыларға көрсетілетін коммерциялық қолдауды шектеуге болмайды»
Белгілі спорт қызметкері Айдар Махметов Қазақстанда балалар мен жасөспірімдер спортын қаржыландыру мәселесі туралы ойларын бөлісіп, бірқатар ұсынысын ортаға салды.
Медицина • 30 Наурыз, 2022
Ханс Клюге: Қазақстан медициналық-санитарлық көмекті нығайтуда үлгі көрсетуде
Кейінгі уақытта жаһанды жайлаған пандемия, аласапыран оқиғалар медициналық-санитарлық алғашқы көмектің (МСАК) көкейкестілігі мен сапасын көтеруді күн тәртібіне қайта шығарды. Осы саланың мамандары болмаса, МСАК-қа қатысты Қазақстанда екі бірдей негізгі жаһандық декларация қабылданғанын көпшілік біле бермес. Мәселен, 1978 жылы мүше мемлекеттер қабылдаған Алматы декларациясы әлемде денсаулық сақтаудың дамуына игі ықпалын тигізсе, қырық жылдан кейін 2018 жылы МСАК жөніндегі жаһандық конференция алаңында ДДҰ-ға мүше мемлекеттер оның ізбасары – МСАК жөніндегі Астана декларациясын қабылдады.
Руханият • 30 Наурыз, 2022
Күллі мұсылман баласына парыз етіліп, ішіне аса маңызды ораза құлшылығы сіңірілген «айлардың сұлтаны» Рамазан келіп жетті. Бұл ай – пайғамбар үмбеті үшін рухани жаңару айы. Яғни Жаратушы ие өз құлын осы айда жаңарту үшін, ол нәпсісін тізгіндеп, иман ләззатын сезе алатын халге жетуі үшін, ораза деген амалды таңдады. Сөйтіп, бізге бір ай бойы ораза ұстауды бұйырды. Бұл жерде біз біле бермейтін бір керемет дүние – ораза ұстаған кезде жүрегімізде, жан-дүниемізде рухани жаңару жемісі пісіп жетіледі. Осы арқылы адам баласы кемелденеді.
Экономика • 30 Наурыз, 2022
Мұнай-газ нарығындағы монополистер
CNPC және «ҚазМұнайГаз» – отандық энергия тасығыштар секторында жеке-дара көш бастап, нарықты иемденіп алған компаниялар. Аталған монополистер ішкі нарыққа жеткізілетін мұнайдың 80%-ын өндіріп, 3 ірі мұнай-өңдеу зауыты мен жағармай құю стансаларының негізгі бөлшек сауда желілеріне иелік етеді. Мұндай мәліметті Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Рустам Ахметов жеткізді.
Елорда • 30 Наурыз, 2022
Өткен тәулікте елордада 160 жол апаты болды
Елордада ауа райының қолайсыздығына байланысты бір тәуліктің ішінде 160 жол апаты болды. Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Egemen.kz