Табиғат • 11 Наурыз, 2026
Ресейден Амур жолбарыстары қашан әкелінеді?
Қазақстан 2026 жылғы сәуір – мамыр айларында Ресейден 4 жыртқыш жолбарыс алуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Экология министрі Ерлан Нысанбаев Мәжілісте өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қысқы спорт • 11 Наурыз, 2026
Көк мұздағы жылдамдық: Жастар шорт-трекке неге қызыға бастады?
Соңғы жылдары елімізде көк мұзда желдей ескен жылдамдықты сақтай отырып, қауіпті бұрылыстарда сүрінбей, қарсыластарды басып озуды көздейтін шорт-трек спортына деген қызығушылық айтарлықтай артып келеді. Бұрын көпшілікке етене таныс болмаған бұл қысқы спорт түрі бүгінде жас спортшылардың таңдаулы бағытына айналып отыр. Балдырғандардың шорт-трекпен тұрақты шұғылдануына төртжылдықтың басты бәсекелері мен халықаралық аренада ел құрамасының сәтті өнер көрсетуі де себеп болатыны сөзсіз, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 11 Наурыз, 2026
Қорғаныс министрінің орынбасары тағайындалды
Президенттің өкімімен Алмаз Джумакеев Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Ата заң • 11 Наурыз, 2026
Эдуард Полетаев: Білім мен адам капиталы – елдің стратегиялық қоры
Қазақстанның жаңа Конституциялық жобасында азаматтардың интеллектуалды әлеуеті басты ресурс ретінде көрсетілген. Бұл туралы «Еуразия әлемі» қоғамдық қорының жетекшісі Эдуард Полетаев «Конституциялық реформа және қоғамдық диалог: болашақты қалыптастыру» атты сарапшылар алаңында өткен жиында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 11 Наурыз, 2026
Нартай Сәрсенғали: Мемлекет басшысы жаңа Конституцияның басты авторы
Тәуелсіз Қазақстанның жаңа Конституциясы – ел тарихындағы маңызды саяси қадам. Ата заң алғаш қабылданғанына отыз жыл толып, уақыт талабы жаңа редакцияны қажет етті. Жаңа Конституция айлап талқыланып, 6 ай бойы әр түзету, әр бап саяси сүзгіден өткізілді. Енді 15 наурызда халық өз таңдауын жасайды, деп хабарлайды Egemen.kz.