Digital • 11 Наурыз, 2026
Жаслан Мәдиев: Цифрлық дәуірде дербес деректерді қорғау мәселесі ерекше маңызға ие
Елордадағы Конгресс-орталығында Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің ұйымдастыруымен жаңа Конституция жобасын талқылауға арналған іс-шара өтті. Талқылауға Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев, Мәжіліс депутаттары Айдос Сарым, Екатерина Смышляева және Снежанна Имашева, сондай-ақ Заңнама және құқықтық ақпарат институтының сарапшылары мен Министрлікке қарасты ұйымдардың қызметкерлері қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 11 Наурыз, 2026
Қытай алдағы 15 жылда қалай өзгереді?
Бейжіңде Қытайдың 15 жылдық даму жоспарының соңғы нұсқасы талқыланып жатыр. Негізгі мақсат – 2030 жылға қарай әлемдік «өндіріс фабрикасын» жаһандық инновация орталығына айналдыру. Құжатта озық өндірісті тірек еткен заманауи индустриялық жүйе қалыптастыру және ғылыми-технологиялық дербестікті күшейту басым бағыт ретінде белгіленген. Жоспар Қытайдың Ұлттық халық өкілдері жиналысының жыл сайынғы сессиясына ұсынылды. Геосаяси шиеленістер күшейген кезеңде бұл бағдарлама ұзақ мерзімді экономикалық өсімге деген сенімді нығайтуға бағытталған стратегиялық құжат ретінде бағаланып отыр. Бұл туралы english.news.cn сайтынан мәлім болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 11 Наурыз, 2026
700 мыңға жуық азамат бәс тігумен тұрақты айналысады: Құмар ойындар нарығы неге өсіп барады?
Елімізде 700 мың адам ресми түрде құмар ойындарын ойнаушы ретінде тіркелген. Ал «көлеңкелі» букмекерлердің қанша адамды өзіне тартып отырғаны белгісіз. 2015-2019 жылдар аралығында құмар ойындарын ұйымдастыру және бәс тігу қызметтері саласының жылдық көлемі 24 млрд теңгеден аспаған. Ал 2020 жылы пандемия басталған тұста сала табысы бірден 6 есеге артқан, деп жазады Egemen.kz.
Логистика • 11 Наурыз, 2026
Логистика, бұл – жаңа мұнай: Елімізде қойма тапшылығы күрт күшейді
Еуразия аймағында қойма инфрақұрылымы қарқынды дамып келеді. Электронды сауданың кеңеюі, логистикалық тізбектердің қайта құрылуы және цифрландыру қойма жалдау мен логистикаға негізделген бизнестің құрылымын өзгертті. Қазақстанда да бұл салаға сұраныс өсіп, инвестициялық белсенділік күшейіп отыр. Еуразиялық даму банкі (ЕАДБ) сарапшыларының болжамынша, жаңа жобалар іске асырылса, қойма инфрақұрылымы алдағы жылдары екі есеге дейін ұлғаюы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 11 Наурыз, 2026
Әзербайжан Иранға гуманитарлық көмек жіберді
8 наурыз күні Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев пен Иран Ислам Республикасының президенті телефон арқылы сөйлескен. Нәтижесінде Әзербайжан тарабы Иранға гуманитарлық көмек жөнелткен, деп жазады Egemen.kz.