Әлем • 11 Наурыз, 2026
Өз елінің әнұранын орындамай қойған Иран әйелдер құрамасы мүшелерінің тағдыры не болды?
Аустралияда әйелдер арасындағы Азия кубогіне қатысып жатқан Иран ұлттық құрамасының құрамындағы бір ойыншы елден баспана алу ұсынысын қабылдамай, туған еліне қайтып баруға шешім қабылдады. Бұл туралы Аустралияның Ішкі істер министрі жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Референдум • 11 Наурыз, 2026
Нұрбек Матжани: Жаңа Конституция цензураға тыйым салып, сөз бостандығына кепілдік береді
Қазақстанның жаңа Конституциясы пікір білдіру еркіндігі мен азаматтардың құқықтарын қорғау арасындағы тепе-теңдікті қалыптастырады. Сонымен қатар цензураға тыйым салып, жауапкершілікке қатысты құқықтық негіздерді бекітеді. Бұл туралы журналист Нұрбек Матжани 11 наурызда Астанада өткен «Конституциялық реформа және қоғамдық диалог: болашақты қалыптастыру» атты сарапшылар алаңында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 11 Наурыз, 2026
Рахметолла Закарья: Конституция мемлекеттің саяси-философиялық болмысын бекітетін кешенді құжат
Мемлекеттің даму тарихында оның болашағын айқындайтын шешуші кезеңдер болады. Бүгінгі Қазақстан дәл осындай тарихи белесте тұр. Конституцияға өзгерістер енгізу жөніндегі Референдум – жай ғана құқықтық рәсім емес, ұлттық дамудың ұзақмерзімді бағытын бекітетін стратегиялық таңдау. Бұл жаһандық технологиялық өзгерістер мен интеллектуалдық бәсеке күшейген дәуірде елдің қандай құндылықтарға сүйеніп, қандай модель бойынша дамитынын айқындайтын тағдырлы шешім.
Ата заң • 11 Наурыз, 2026
Талғат Қалиев: Жаңа Конституция мемлекеттік институттарды нығайтып, елдің тұрақтылығын арттырады
Қазақстандағы жаңа Конституция мемлекеттік институттарды нығайтып, елдің тұрақтылығын арттыруға бағытталған. Бұл туралы саясаттанушы Талғат Қалиев 11 наурызда Астанада өткен «Конституциялық реформа және қоғамдық диалог: болашақты қалыптастыру» атты сарапшылар алаңында мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Референдум • 11 Наурыз, 2026
Бүгін елордада «Конституциялық реформа және қоғамдық диалог: келешекке бағдар» атты сарапшылар алаңы өтті. Іс-шараға Парламент депутаттары, саясаттанушылар, академиялық қауымдастық өкілдері, журналистер мен қоғам қайраткерлері қатысты. Қатысушылар жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін және орнықты мемлекеттің институционалдық архитектурасын қалыптастыруға бағытталған өзгерістерді талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.