Әлем • 02 Наурыз, 2021
Беларусьпен байланыстың бір белесі
Жуырда «Барша адамзатты біріктіруші құрал – кітап» ХXVІІІ Минск халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесінде ел павильонын Ұлттық академиялық кітапхана Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен және Қазақстанның Беларусь Республикасындағы елшілігімен бірлесіп ұйымдастырды.
Қоғам • 02 Наурыз, 2021
Перзент сүймей адамның мейірі қанбас
Бұрын ең соңғы үміт – ЭКҰ арқылы перзентті болу көбінесе бақуатты немесе ішпей-жемей аңсатқан сәби жолында қаражат жинайтындарға бұйырған бақ еді. Енді елімізде экстракорпоральды ұрықтандыру үдерісінің қолжетімділігі артып келе жатқанын қуана хабарламас бұрын, елімізде 11 мыңнан астам әйелдің бедеулік есебінде тұрғанын айта кету керек. Бұл ресми статистика ғана, шындығына келсек, сәбилі болуды аңсайтын отбасылар әлдеқайда көп.
Қоғам • 02 Наурыз, 2021
Қайырымды да батыл жандар құрмет төрінде
Өзгенің қайғысын бөлісуге, риясыз көмекке дайын, игі істердің бастаушысы болатын жандар аз емес. Мейірімді, бауырмал, қайырымды, жомарт адамдар – кез келген қоғамның негізгі тірегі. Осы орайда Нұрсұлтан Назарбаев қоры мен Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығы «Қайырымдылық керуені» республикалық байқауын үшінші жыл қатарынан ұйымдастырып жатыр. Аталған іс-шараға Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қатысты. Байқау қайырымдылық идеяларын насихаттауға, белсенді азаматтық бастаманы дамытуға бағытталған.
Аймақтар • 02 Наурыз, 2021
«Сары аймақ» шектеулері өзгертілді
Бұған дейін індет көрсеткіші бойынша еліміздің аумағында «қызыл аймақта» бірнеше апта бойы жалғыз қалған Павлодар облысы қазір «сары аймаққа» өтті. Бірақ Ақсу қаласы, Железин, Аққулы, Ақтоғай, Шарбақты және басқа да аудандар әлі де «қызыл аймақ» құрсауында.
Қоғам • 02 Наурыз, 2021
Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия 1 наурыз күні Қазақстан аймақтарындағы эпидемиялық жағдайды бағалау матрицасын жариялады. Соған сәйкес бүгінде еліміздің бірде-бір өңірі «қызыл аймақтың» қатарында емес. Одан бір күн бұрын «қызарған» Нұр-Сұлтан қаласы қайтадан «сары аймаққа» өтті. Бұған қоса бұл санатта Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстары бар. Ал өзге өңірлер «жасыл аймақта».