Аймақтар • 01 Наурыз, 2021
Жандарбек Бекшин дәрігерлерге алғыс айтты
«Біз күн сайын сәт сайын қиын шешімдер қабылдаймыз, әр минут сайын адамдардың денсаулығы мен өмірі үшін жауапкершілік жүгін сезінеміз», дейді Жандарбек Бекшин. санитариялық-эпидемиологиялық қызметкерлерін Жандарбек Бекшин бүгінгі алғыс айту күнімен құттықтай келе, қазіргі жағдайда санитарлық дәрігерлер мен эпидемиологтардың жұмысы ауыр екендігін атап өтіп, пандемия кезінде атқарған істері үшін әрбір маманға алғысын білдірді.
Медицина • 01 Наурыз, 2021
Қазақстанда «Биологиялық қауіпсіздік туралы» заң әзірленеді - А.Цой
2021 жылы “Биологиялық қауіпсіздік туралы” заң әзірленеді, - деді Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың қатысуымен өткен ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында.
Экономика • 01 Наурыз, 2021
Қазақстанда ломбардтар жабылады
Елімізде сот шешімімен мыңнан астам ломбардтар жұмысын тоқтатады. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің хабарлауынша, 2020 жылдың екінші жартысында 1,7 мың ломбардтың әрекетіне қатысты сотқа шағым түскен.
Қоғам • 01 Наурыз, 2021
Денсаулық сақтау ұйымдарындағы медициналық емес қызметкерлердің жалақысы көбеюі мүмкін
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 2022 жылдан бастап денсаулық сақтау ұйымдарындағы медициналық емес қызметкерлердің жалақысын көтеру мәселесін пысықтауда, деді бүгін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың қатысуымен өткен ведомствоның 2020 жылғы қызметінің қорытындысы және 2021 жылға арналған міндеттері бойынша кеңейтілген алқа отырысында.
Медицина • 01 Наурыз, 2021
Биыл 6 миллионға жуық қазақстандық вирусқа қарсы вакцина қабылдайды
Биыл 6 миллионға жуық қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцина қабылдайды. Бұл туралы бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында ведомство басшысы Алексей Цой айтты, деп хабарлайды Egemen.kz